Сенбі, 23 Қараша 2024
3361 0 пікір 7 Шілде, 2020 сағат 12:02

Кентау қаласында Абайға ескерткіш орнатылды

Түркістан облысында орналасқан байырғы көне қалалардың бірі Кентау қаласында қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлына арналған ескерткіш орнатылды. Аталған ескерткіш ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына арналып ашылып отыр. 

Абйдың 175 жылдық мерейтойына арналған ескерткіштің ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қатысты. Облыс әкімінің орынбасары Кентау қаласының тұрғындарын Елорда күнімен және ұлы ақынға арналған ескерткіштің ашылуымен құттықтады.

Оның айтуынша, Кентау қаласында атаулы күнге орай бірнеше ескерткіш бой көтерген. Солардың қатарында Абай ескерткіші де ашылып отыр. Бұл ескерткіштің жастарға беретін тәрбиелік мәні зор. Жастар ұлы ақынның өлеңдерін оқып, даналық тағылымдарын жаттап өсетін болады.

«Кентау қаласында Елорда күніне байланысты бірқатар нысан ашылды. Солардың ішінде ерекше атап өтетіні биыл мемлекеттік деңгейде мерейтойы аталып жатқан қазақтың ұлы ақыны, данышпаны Абайға арналған ескертікш болып отыр. 

Абай ескерткішінің кентау тұрындарына, жастарға беретін тәрбиелік мәні зор. Мұнда қазір қала жастары Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін оқитын болады. 

Қаламызда ашылған бұл жаңа нысан ел игілігіне айналсын! Барлықтарыңызды елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы күнімен құттықтаймын!», - деді облыс әкімінің орынбасары.

Сонымен қатар аталған ескерткіштің ашылу салтанатына өзге де бірқатар атқамінерлер арнайы келіп қатысты. Олардың арасында Кентау қаласының әкімі Дәурен Мақажанов да бар. Одан бөлек Кентау қалалық ақсақалдар мен зиялы қауым өкілдері де салтанатты шарға келіп қатысып, ашылып жатқан ескерткіштің маңызы мен қажетілін түсіндіріп берді. Ел ағаларының келелі кеңесінен кейін ортаға жас ақындар шықты. Олар халықтың бас ақыны Абайдың өлеңдерін жатқа оқыды. Сондай-ақ өздерінің ұлы ақынға арнаған жалынды жырларын жұрт назарына ұсынды.

Айта кетейік, ұлы ақынға арналған еңселі ескерткіш үш метрлік биік тұғырға орнатылған. Ескерткіштің өзінің биіктігі төрт жарым метр. Ескеріткіш пен тұғырды қоса есептегенде жалпы биіктігі жеті жарым метрді құрайды. Ал жалпы салмағы ү тонна. Аталған ескерткіштің авторы - Бауыржан Жалын. Тас тұғыр Кентау қаласының орталығындағы Абай даңғылының бойына орнатылған.

Сонымен қатар, Кентау қаласында елорда күніне байланысты «Ұстаздар аллеясы» да ашылды. Аталған жаңа нысан білім саласының білікті мамандарына арналып отыр. Өткен жылы елімізде «мұғалім мәртебесі» турылы заң қабылданып, бүкіл елде ұстаздарға деген құрмет еселеп артып келеді. Осындай кезеңде ашылып отырған «Ұстаздар аллеясы» оңтүстік оңірдің ұстаздар қауымына деген шекісіз құрметін көрсетіп тұр.

Одан бөлек, Кентау қаласында еріктілер жылына байланысты «Жастар саябағына» күрделі жөндеу жасалып, қайтадан пайдалануға берілген. Аталған саябақта футбол, баскетбол, велотрек, теннис корты алаңдары салынған. Бұл асябақ келешекте кентау жастарының бас қосатын мекеніне айналады деп жоспарланып отыр. Қазақстанда салауатты өмір салтын ұстанып, спорпен шұғылданатын азаматтардың саны жыл сайын артып келеді. Осындай кезеңде жастар алаңының ашылып, спорттық нысандардың көптеп салынуы қолдауға тұралық аса игі бастама деп есептейміз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415