Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2313 0 пікір 23 Қараша, 2011 сағат 13:53

Қарағанды облысындағы түрмедегі сотталған азаматтың қазасына мекеме қызметкерлері айыпталуда

Қарағанды. 23 қараша. ҚазТАГ - Қарағанды облысындағы АК-159/7 мекемесінде сотталып отырған азаматтың қазасына байланысты мекеменің лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп Қарағанды облыстық прокуратурадан хабарлады.

«3 қарашада Қарағанды облысындағы Долинка кентіндегі АК-159/7 мекемесінің айыптылар отыратын оңаша камерада  37 жасар Шәміл Ярославлев қаза болды. (...) Аталған факті бойынша тергеу алды тексеру нәтижесінде Қарағанды облысының қылмысты тексеруде мамандандырылған прокуроры 18 қарашада АК-159/7 мекемесінің лауазым тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғады.

ҚР бас прокурорының нұсқауымен Қарағанды облысының мамандандырылған прокуратурасының басшылығымен ведомствоаралық оперативтік-тергеу тобы құрылды», - делінген облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің сәрсенбі күні таратқан хабарында.

Прокуратураның мәліметтерінше, колония қызметкерлері құзыретін асыра пайдаланып, сотталғанның денсаулығына ауыр зиян келтірген. Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша сотталғанның қазасы жүрек-қан тамырының жетіспеушілігінен орын алған жүрегінің ақауынан болған.

Қылмыстық істі тергеуді бас прокуратура мен облыстық прокуратура ерекше қадағалауға алды, дейді прокуратурадағылар.

«БАҚ беттеріне АК-159/7 мекемесінің қызметкерлері кейбір сотталғандарды өлтіріп тастайтынғы туралы бірнеше рет хабар таратылғанды. Оқиға орнына Қарағанды облысының түзету мекемелеріндегі заңдылықтардың орындалуын қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокурор мен Шахтинск қаласының тергеу-оперативтік тобы кетті», - деді облыстық прокуратура баспасөз қызметінен.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394