Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2513 0 пікір 24 Қараша, 2011 сағат 05:38

Ақтөбеде саяжай үйлерінің бірінде бес тұншықтырылған адамның денесі табылды

Ақтөбенің маңында қалалық сүт зауытының аумағында саяжай үйлерінің бірінде тұншықтырылып өлтірілген бес адамның денесі табылды, деп хабарлады бейсенбіде Ақтөбе облысы ішкі істер қызметінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметтеріне сәйкес, 22 қарашада түстен кейін ішкі істер органдарына 50 жастағы ер адам саяжай үйінде өзінің 43 жасар інісі, тағы үш ер адам мен бір әйелдің денелерін көргендігі туралы жүгінді.

Облыстық ІІД баспасөз қызметі басшысы Алмат Иманғаливтің айтуынша, оқиға орнын тексеру кезінде бастапқыда қаза тапқандар тұншықтырғыш газға немесе суррогаттық спиртке уланды деген болжам қарастырылған.

«Алайда, текреуден кейін тұншықтыру белгілері бар екендігі анықталған», - деп нақтылады ол.

Осыған байланысты, ІІД өкілінің айтуынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 96 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қаза тапқандардың жеке бастары анықталды, олар шамамен 34-54 жастағы Ақтөбе тұрғындары болып шықты.

Қазіргі уақытта тергеу-оперативтік топпен осы қылмысты ашып, кінәлілерді анықтау мақсатында жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.

Қаза тапқан азаматтардың өмір сүру салты тексерілуде.

АҚТӨБЕ,  24 қар - Қазақстан жаңалықтары АА.

newskaz.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5391