Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4154 0 пікір 29 Қараша, 2011 сағат 05:18

«Өзгерістер алға жетелейді!»

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды тұғырнамасы

Бұдан 20 жыл бұрын тәуелсіздігін алған Қазақстан бүгінде өзінің тарихи дамуының жаңа кезеңіне жетті. Жас мемлекетіміздің бастауында тұрып, оның қалыптасуы мен эволюциясының куәсі әрі тікелей қатысушысы болуымыз бізді мақтаныш сезіміне бөлейді.

Тәуелсіздік жылдарында біздің еліміз бен қоғамымыз елеулі табыстарға жетіп, зор мүмкіндіктерге ие болды. Қазақстандықтардың жаңа буыны өсіп-жетіліп, жаңа өмірге қадам басты. Азаматтық қоғам институттары құрылып, жұмыс істеуде. Қазақстан  өзінің лайықты орнына ие болды және өз әлеуетін одан әрі ұлғайтуда.

Сонымен бірге, бұларға ілесе біздің мемлекеттігіміздің уақтылы және лайықты назар аударуды талап ететін қажеттіліктері де пайда болды. Сондықтан Қазақстан атқарылған істермен мақтанып қана қоймай, қатардағы азаматтардың өмірін жақсарту үшін жұмыс істеп, қоғам мен мемлекеттің тыныс-тіршілігінің барлық саласында жаңа мүмкіндіктер іздеуі қажет.

Бізге үздіксіз әрі қарқынды өзгерістер қажет.

Бұл әрбір қазақстандыққа отбасының, елінің игілігі үшін өз қабілеті мен әлеуетін іске асыруына жол ашатын өзгерістер!

Бұл баршаның және әрқайсымыздың қадір-қасиетіміз бен қажеттігімізді сезінтетін өзгерістер!

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды тұғырнамасы

Бұдан 20 жыл бұрын тәуелсіздігін алған Қазақстан бүгінде өзінің тарихи дамуының жаңа кезеңіне жетті. Жас мемлекетіміздің бастауында тұрып, оның қалыптасуы мен эволюциясының куәсі әрі тікелей қатысушысы болуымыз бізді мақтаныш сезіміне бөлейді.

Тәуелсіздік жылдарында біздің еліміз бен қоғамымыз елеулі табыстарға жетіп, зор мүмкіндіктерге ие болды. Қазақстандықтардың жаңа буыны өсіп-жетіліп, жаңа өмірге қадам басты. Азаматтық қоғам институттары құрылып, жұмыс істеуде. Қазақстан  өзінің лайықты орнына ие болды және өз әлеуетін одан әрі ұлғайтуда.

Сонымен бірге, бұларға ілесе біздің мемлекеттігіміздің уақтылы және лайықты назар аударуды талап ететін қажеттіліктері де пайда болды. Сондықтан Қазақстан атқарылған істермен мақтанып қана қоймай, қатардағы азаматтардың өмірін жақсарту үшін жұмыс істеп, қоғам мен мемлекеттің тыныс-тіршілігінің барлық саласында жаңа мүмкіндіктер іздеуі қажет.

Бізге үздіксіз әрі қарқынды өзгерістер қажет.

Бұл әрбір қазақстандыққа отбасының, елінің игілігі үшін өз қабілеті мен әлеуетін іске асыруына жол ашатын өзгерістер!

Бұл баршаның және әрқайсымыздың қадір-қасиетіміз бен қажеттігімізді сезінтетін өзгерістер!

Бұл күш-жігериен қуаттандыратын және жаңа жетістіктерге жетелейтін өзгерістер!

«Өмірді өзгерткің келсе - өзіңнен баста» дейді халық даналығы. Осы ақиқатты басшылыққа алып, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы соңғы бес айдың ішінде өз қызметінің ұйымдық, кадрлық, идеологиялық, интеллектуалдық негізін түбегейлі жаңартуды жүзеге асырды және өз дамуының сапалық жаңа деңгейіне көтерілді.

Енді біздің партия Қазақстан халқының игілігі мен қадір-қасиеті жолында жоғарыда аталған өзгерістерді жүзеге асыру жөніндегі нақты бағдарлама ұсынады.

 

«Ақ жол» партиясы қазақстандықтарға не ұсынады?

 

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, бүгінгі таңда мемлекет алдында бірқатар маңызды және кейінге қалдыруға болмайтын міндеттер тұр, оларды жалпы қоғамның және әрбір қазақстандықтың мүддесі үшін шешу қажет деп есептейді.

Бұл орайда жүрер жолымыздың бір бағытта тұйықталып қалмай, оның балама нұсқалары болғаны өте маңызды. Таңдаудың жоқтығы стагнацияға соқтырады. Баламаны салыстырып, таразылау ғана шын мәнінде лайықты таңдау жасауға мүмкіндік береді. Тек идеялар жарысы ғана жеке адамның дауысын естуге және оның пікірін бағалауға мүмкіндік береді.

Біз үшін көпшіліктің позициясы ғана емес, әр адамның жеке пікірі де маңызды.

Бұл тұрақты дамуды қамтамасыз етеді және проблемаға сыни көзқарас тоғышарлықтың және самарқаулықтың алдын алады, тек ағымдағы мәселелерді ғана шешуді емес, неғұрлым  өзекті мақсаттар қоюға көмектеседі.

Екінші жағынан, қарсылық  қоғамның өзін-өзі сақтау сезімі шегінен асып кеткен жағдайда, мұндай теке-тірес жалаң мақсатқа айналып, қоғамда жікке бөлінушілікке алып келуі және мемлекеттілікке қауіп төндіруі  мүмкін.

Осыған байланысты Қазақстанның саяси мәдениеті өркениетті оппозицияны қалыптастыру үшін пісіп жетілгенін атап айтқан жөн, оның мақсаты билік партиясына қарсылас болу; оның мақсаты: қоғамды жікке бөлу емес, барлық озық ойлы адамдарды біріктіру; қоғамның іргесін шайқалту емес, демократиялық конституциялық құрылысты нығайту; біздің туған, жалғыз, сүйікті әрі табысты елімізде әрбір қазақстандыққа лайықты көзқарас қалыптастыру.

Осы мақсаттардың бәрін Президент Н.Ә.Назарбаев жариялап, мемлекеттік органдардың оны орындауына қол жеткізіп келеді. Осы тұрғыда «Ақ жол» партиясы өзін-өзі даярлаған, өз елін сүйетін және өз Президентін бағалайтын, бірақ сыбайлас жемқорлықпен, селқос шенеуніктермен және парламенттік мінберде бір партияның монополиясымен келіскісі келмейтін адамдар тарапынан Мемлекет басшысына жан-жақты көмек көрсететін болады.

«Ақ жол» партиясы озбырлыққа, тәкаппарлыққа, жүгенсіздікке және шектен шығушылыққа әрдайым оппозиция болды және солай болып қала береді. Біз әрбір қарапайым қазақстандықтың жеке қадір-қасиетін, құқықтары мен заңды мүдделерін барлық мемлекеттік органдар және кез келген деңгейдегі олардың басшылары тарапынан құрметтеуді талап етеміз.

Біз Президентке өз дауысын естірткісі келетіндердің атынан және қызметі жөнінен емес, көзқарасы жөнінен патриот әрі мемлекетшіл адамдардың атынан жәрдемдесетін боламыз.

Дәл осы мақсатпен «Ақ жол» партиясы парламентаризмнің демократиялық институттары арқылы әрбір қазақстандықтың және әрбір қазақстандық отбасының өмір сүру сапасын тұрақты және қарқынды арттыруға қол жеткізу үшін осы сайлауға түсіп отыр.

Дәл осы себепті, біз Парламентке өтіп, алдағы 5 жылда  10 басым міндетті шешу үшін жұмыс істейтін боламыз.

 

1. Қазақстанның ұлттық мүддесін қорғауды және іске асыруды мемлекеттіліктің басты мақсаты деп тану

 

Қазіргі заманғы тарихта бұл мүдделер ХХ ғасырдың соңында «Алаш» қозғалысының саяси ұстанымдарында неғұрлым айқын көрінді. Ол ұлттық дәстүрлерді өркениеттің озық жетістіктерімен ақылға қонымды ұштастыру негізінде қазақ қоғамын сол кездегі нақты жағдайларға біртіндеп бейімдеуді өзіне мақсат етіп қойды.

Негізгі ұстанымдар - мемлекеттілік, қазақ тілінің мәртебесі, либерализм, демократиялық  республика, этностар мен діндердің тең құқықтылығы, білім мен мәдениеттің өсуі, нарықтық экономика, озық агроөнеркәсіптік және салық саясаты - бізге бағдар ретінде қызмет етуде.

Бұл орайда Қазақстанның қазіргі заманғы мемлекеттілігін біздің халқымыздың ұлттық мүддесін іске асырудың құралы, мемлекеттік органдардың өз сайлаушыларына қызмет ету нысаны ретінде қарастырамыз.

Ұлттық бірлікті және қоғамдық мүдделерді қамтамасыз ету мақсатында «Ақ жол» партиясы мыналар қажет деп есептейді:

  • Қазақстанның басқа этностарының тілдік және этномәдени өзіндік ерекшеліктерін құрмет тұта отырып, қазақ тілінің мәртебесін және қолдану аясын ұлғайта отырып, Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз ету; Мемлекеттік тілді дамытуға арнап бөлінген мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалануға және іс жүзіндегі нәтижесіне кепілдік беру.
  • 2020 жылға қарай қазақстандықтардың 90%-ының мемлекеттік тілді меңгеруіне қол жеткізу.
  • Жас ұрпақты Қазақстанның ұлттық тарихына, қазақ тіліне және қазақ мәдениетіне, сол сияқты басқа этностардың тарихына, мәдениеті мен тіліне құрметпен қарау рухында тәрбиелеу.
  • Отандастарымызды тарихи отанына қайтару жөніндегі көші-қон саясатын күшейту, бұл орайда экономиканың қажетсінуіне, өндіргіш күштердің орналастырылу сипатына және Индустрияландыру бағдарламасына сәйкес қоныстандыруға ынталандырудың теңдестірілген көзқарасын қамтамасыз ету.
  • Көші-қон саясатында тарихи отанына оралып жатқан отандастарымыздың міндеті олардың өзімен-өзі болып жатқан жағдайын көрсету емес, олардың Қазақстан Республикасының кәдуілгі азаматы ретінде Қазақстан қоғамына тез арада және ойдағыдай кірігіп кетуін нақтылап белгілеу.
  • Қазақстан Республикасының азаматтығын қазақ тілін, ҚР Конституциясын және Қазақстан тарихын білуі жөнінен емтихан тапсырғаннан кейін беруді заңнамалық тұрғыдан бекіту.
  • Экономикалық ұлтшылдық: Қазақстанның табиғи, экономикалық және әлеуметтік ресурстары ең алдымен қазақстандықтардың өзінің мүддесіне қызмет істеуге тиіс. Бұл: кәсіпорындарда (шетелдік инвесторларды қоса алғанда) басымдықпен жұмысқа орналастыру, сол кәсіпорында деңгейлес шетелдік мамандардың жалақысынан төмен болмайтын лайықты жалақы, негізсіз қысқарту мен жұмыстан шығарудан мемлекет тарапынан қорғау; біздің елде жұмыс істейтін шетелдік компаниялардың тендерінде қазақстандық өнім мен қазақстандық кәсіпорындардың басымдығы және т.б.

2. Көпшілікке қол жетімді тұрғын үй

 

Табыс деңгейі әртүрлі адамдарды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында біз мынаны ұсынамыз:

  • Ең алдымен халықтың күнкөрісі төмен топтары мен жас отбасылар үшін нарықтық бағасынан төмен бағамен жалға берілетін әлеуметтік үйлердің құрылысын қоса алғанда, мемлекеттік тұрғын үй құрылысын жандандырып, ұлғайту.

Азаматтардың тұрғын үйге меншік құқығына кепілдікті қамтамасыз ету мақсатында біз мынаған қол жеткізуге ұмтыламыз:

  • Құрылыс компаниялары тарапынан ықтимал тәуекелдерді сақтандыру енгізуді қоса алғанда, үлестік құрылысқа қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиімді жүйесін құру.
  • Ипотекалық құрылыс нарығына қатысушы азаматтардың құқықтары мен меншігін дәрменсіз құрылыс салушылардың алаяқтығынан және жосықсыз банктердің озбырлығынан қорғау.

Тұрғын үй қорының жағдайын жақсарту және тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында біз мыналар қажет деп есептейміз:

  • Коммуналдық қызметке бағаны мемлекеттік реттеуді күшейту, ең алдымен, оларды бекітуді тиісті мәслихаттарға беру.
  • Тұрғын үй қорын басқару мен оған қызмет көрсету саласында демонополизациялау және нақты бәсекелестікті жасау жолымен коммуналдық қызмет көрсетудің сапасын арттыру.
  • Азаматтардың тұрғын үйін күтіп-ұстау және коммуналдық қызметтер ақысын төлеу шығындарын, егер бұлар отбасының жиынтық табысының 10%-нан асып кеткен жағдайда, мемлекеттің өтем төлеу міндетін заңнамамен бекітуді қоса алғанда, тұрғын үй субсидиясы жүйесін оңтайландыру.
  • Пәтерлердің меншік иелері кооперативі (ПМК) жұмысының барынша ашықтығын және тұрғын үйлер мен басқа да үй-жайлардың меншік иелері мен жалдаушылары алдында олардан алынған ақша қаражатының жұмсалуы жөнінде әлсін-әлсін есеп беруін қамтамасыз ету.

 

Әрбір қазақстандықтың баспанасы болуға тиіс!

3. Жұмыссыздықты жою және жұмыспен қамту мәселелерін шешу

Халықты жұмыспен қамтудың барынша мүмкін болатын жағдайын қамтамасыз ету мақсатында біз мыналарды ұсынамыз:

  • Мемлекеттің ақы төлейтін қоғамдық жұмыстар практикасын кеңейтуі.
  • Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жаңа жұмыс орындарын ашу жөніндегі қызметін мемлекет тарапынан ынталандыруды қамтамасыз ету.
  • Жоғары және кәсіптік-техникалық білім берудің стандарттарын қазіргі заманғы экономика талаптарына жақындату жөнінде қажетті шаралар қолдану.
  • Мемлекет меншігіндегі жоғары және орта арнаулы оқу орындарының және олармен аффилирленген коммерциялық құрылымдардың бітірушілерін жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуді мемлекетке заңмен міндеттеу.
  • Шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны азайту.

Кез келген меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындардың жұмыскерлерінің еңбек жағдайын жақсарту және оларға әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету мақсатында біз мынаған қол жеткізуге ұмтыламыз:

  • Тұтыну себеті құнының өсуіне сәйкес ең төменгі жалақының көлемін жүйелі түрде арттыру.
  • Бюджет саласы қызметкерлерінің, мұғалімдерді, дәрігерлерді, ғылым және мәдениет қызметкерлерін қоса алғанда, нақты еңбек ақысын коммерциялық ұйымдардағы жалақы деңгейіне дейін жүйелі түрде арттыру.
  • Шет ел капиталы қатыстырылатын ұйымдар мен кәсіпорындарда қазақстандық және шетелдік жұмысшылардың еңбек ақысын теңестіру.
  • Жұмыс берушілердің өздерінің жұмыскерлеріне қатысты әлеуметтік жауапкершілігін мемлекет тарапынан ынталандыру:

- жұмыс берушінің жұмыскерлерді оқытуға жұмсаған шығындарын мемлекет есебінен субсидиялауды енгізу;

-  кәсіпорындардың қайырымдылыққа бағытталған шығыстарына салық салу кезінде шегерімге жатқызылатын нормаларды 3%-дан 10%-ға дейін ұлғайту және т.б.

 

Әркімнің лайықты және қауіпсіз жұмысқа мүмкіндігі болуға тиіс! Жұмыс істеп жүрген адам кедей болуға тиіс емес!

 

4. Қолжетімді әрі ізгілікті медициналық көмек

 

Азаматтардың уақтылы әрі сапалы медициналық көмек алу құқығын қамтамасыз ету және денсаулық сақтау жүйесінің қызметін жақсарту мақсатында мыналар қажет деп есептейміз:

  • Мемлекеттің халыққа медициналық қызмет көрсету жүйесін дамытуға арналған шығыстарын дамыған шет елдер деңгейіне дейін ұлғайту.
  • Мемлекеттік және жеке меншік медициналық мекемелерде; қалалық және ауылдық медициналық мекемелерде медициналық көмек көрсету сапасын теңестіру.
  • Профилактиканы және жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетуді қоса алғанда, мемлекет кепілдік берген қазіргі заманғы медициналық стандарттарды және тегін медициналық көмек көлемін ұлғайту.
  • Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін, сондай-ақ жиынтық табысы орташадан төмен отбасылар үшін медициналық сақтандыру көлемін мемлекеттік субсидиялау жүйесін енгізу.
  • Жеке кәсіпкерлер тарапынан қызметкерлерді ерікті медициналық сақтандыру көлеміне мемлекеттік субсидия енгізу.
  • Медициналық қызмет көрсетудің қазіргі заманғы стандарттарына қол жеткізу мақсатында кез келген меншік нысанындағы медициналық мекемелерге мемлекеттің толық қаржылай және техникалық көмек көрсетуі.
  • Медициналық мекемелер желісін, әсіресе ауылдық жерлерде, кеңейту.
  • Медициналық мекемелердің және медициналық қызметкерлердің жосықсыз медициналық көмегі және пациенттерге ізгілікті емес көзқарасы үшін тікелей жауапкершілігін күшейту.
  • Медициналық қызметкерлердің табысын коммерциялық сектордағы жалақы деңгейіне дейін кезең-кезеңмен көтеру.
  • Дәрігерлерді және басқа медициналық қызметкерлерді даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың сапасын жақсарту.
  • Сырқаттану және жарақат алу профилактикасын дамыту.

 

Адамдардың өмірі мен денсаулығы - мемлекеттің басты қамқорлығы және басты жауапкершілігі!

 

5. Тегін және сапалы білім - барлық дарынды балаларға

 

Азаматтардың өздері таңдаған сапалы білім алу құқығын қамтамасыз ету мақсатында біз мыналарға қол жеткізуге ұмтыламыз:

  • Мемлекеттің білім беру жүйесін дамытуға арналған шығыстарын дамыған шет елдер деңгейіне дейін ұлғайту.
  • Білім беру стандарттарын тез арада кәсіби (салалық) стандарттар талаптарына жақындату, бизнес бірлестіктерін стандарттарды әзірлеуге, білім беру мекемелерін аккредиттеуге және емтихандар өткізуге тарту.
  • Білім берудің қазіргі заманғы стандарттарына қол жеткізу мақсатында барлық деңгейдегі және кез келген меншік нысанындағы білім беру мекемелеріне мемлекет тарапынан толыққанды қаржылай, әдістемелік және техникалық көмек көрсету.
  • Білім берудің барлық деңгейі үшін оқу бағдарламаларының, оқулықтардың және оқу құралдарының сапасын жақсарту.
  • Мектепке дейінгі балалар мекемелері желісін қалпына келтіру мен дамыту және оларда екі жастан алты жасқа дейінгі балаларды жүз пайыз қамтуды қамтамасыз ету.
  • Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалар мен жеткіншектерді күтіп-бағуды, оқытуды, тәрбиелеуді және кәсіби даярлауды қамтамасыз ететін мекемелер желісін нығайту және дамыту.
  • Орта білім беру мекемелерінің желісін, әсіресе ауылдық жерлерде ұлғайту.
  • Бірыңғай ұлттық тестілеу (БҰТ) жүйесін, оны жүргізу және қорытындысын шығару процесінде қоғамдық бақылауды енгізе отырып жетілдіру.
  • Абитуриенттің өзінің таңдауы бойынша БҰТ-тің орнына оқуға түсу емтиханын таңдау құқығын енгізу.
  • Мемлекеттік жоғары оқу орындарында кемінде - 80% студенттің тегін және коммерциялық оқу орындарында 40% студенттің мемлекеттік гранттар есебінен оқуын қамтамасыз ету.
  • Жоғары оқу орындарына ауыл жастары өкілдерінің түсуі үшін квотаны көбейту.
  • Оқитын жастар арасындағы студенттер санатының мәртебесін, құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін барынша ашып көрсететін «Студенттер туралы» заң қабылдау.
  • Барлық деңгейдегі және кез келген меншік нысандағы білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды ұлғайту.
  • Педагогтарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру сапасын жақсарту.

 

Елдің басты байлығы - мұнай да, металл да емес, біздің адамдарымыз, біздің тәжірибелі мамандарымыз және дарынды жастарымыз!

6. Қазіргі заманғы өндірістік экономиканы құру, бизнеске қысымды төмендету және кәсіпкерлікке жаппай сипат беру

 

  • Индустрияландыру бағдарламасы жобаларының іс жүзіне асырылуына, оларға салынған мемлекеттік қаражаттың тиімділігіне және іске қосылған кәсіпорындардың шын мәнінде жұмыс істеуіне қол жеткізу.
  • Қазақстанның транзиттік әлеуетін іске асыруды, Батыс Еуропа - Батыс Қытай жобасының экономикалық басымдығын пайдалануды, оның іске асырылуы мен салаға қызмет көрсетуге байланыстының бәрін - жол құрылысынан бастап жанар-жағар май материалдарымен жабдықтауға дейін және халықаралық тасымалдаудың орындалуына дейін дамытуды қамтамасыз ету.
  • «Бизнес - 2020 жол картасы» бағдарламасының тиімділігін, барлық мемлекеттік даму институттарының бөлінген қаражатты нақты кәсіпорындарға жеткізуін қоғамдық бақылауға алу.
  • «ҚазАгро» холдингі қызметінің ашықтығына және құрылымның оңды өзгерістеріне, ауыл шаруашылығының және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу рентабельдігіне нақты ықпал етуіне, агроөнеркәсіптік кешеннің жаңа секторларының пайда болуына қол жеткізу.
  • Министрліктер мен ведомстволардың шешіміне бизнестің салалық бірлестіктерінің нақты ықпалын қамтамасыз ету.
  • Жеке бизнестің сауда-делдалдық саладан экономиканың нақты саласына қарай бет бұруына ынталандыруға жағдай жасау.

Жеке кәсіпкерліктің іскерлік белсенділігін ынталандыру және республиканың экономикасы мен әлеуметтік саласын дамыту үдерісінде оның мүмкіндіктерін ұлғайту үшін біз мынаны ұсынамыз:

  • Кәсіпорын құрылған кезден бастап үш жыл бойы шағын және орта бизнесті ҚҚС-дан (қосылған құн салығынан) босату.
  • Салық әкімшілігін жүргізу мен есептілікті оңтайландыру, шотқа тыйым салуды тек салық берешегі сомасына қолдану.
  • Жеке кәсіпкерлердің салық есептілігі мемлекеттік бюджетке тікелей залал келтірмесе, мұндай есептілік бойынша айыппұлды жою.
  • Салық есептілігі бойынша талап қою кезеңінің өтіп кету мерзімін және өткен кезең үшін салықтық тексеруді бес жылдан үш жылға дейін қысқарту.
  • ҚР Қылмыстық кодексінен жалған кәсіпкерлік туралы бапты алып тастау.
  • Лауазымды адамның қызмет бабын пайдаланып заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату.
  • Басым салалар үшін ҚҚС-ның салалық ставкасын 0%-дан (ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу) 6%-ға дейін (жеңіл және тамақ өнеркәсібі, машина жасау) енгізу.
  • Квазимемлекеттік сектордың экономикаға араласуын азайту, экономиканың бәсекелестік секторында мемлекет қатысатын рентабельді емес кәсіпорындарды жою немесе жекешелендіру.
  • Тиісті рәсімдердің барынша ашықтығын қамтамасыз етуді және мемлекеттік органдардың назарын делдалдарға емес, белгілі бір тауарлар мен қызметтерді тікелей өндірушілерге аударуды қоса алғанда, мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру.
  • Республиканың ішкі нарығында отандық өндірушілердің басымдығын қамтамасыз ету және шетелдік компаниялар тарапынан жосықсыз бәсекелестікке жол бермеу.
  • Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік шеңберінде қазақстандық өнімдердің протекционизмі және оларды қолдау саясатын қамтамасыз ету.
  • Отандық өнімдердің экспортын және қазақстандық кәсіпкерлердің шет елдердегі қызметін ынталандыру және оларды қолдау тетігін ұлғайту.

 

Мемлекет өзі табыс тауып, бюджетке салық төлеп  жүргендерді және басқаларға жұмыс бергендерді қолдауға міндетті!

 

7. Ірі қалаларға ғана емес, өңірлер мен ауылдарға да - лайықты өмір

Ауыл тұрғындарының және Қазақстанның басқа да ауылдық елді мекендерінің тыныс-тіршілігі үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында мыналар қажет деп есептейміз:

  • Барлық селолар мен ауылдардың әлеуметтік инфрақұрылымдарын: жолдарды, ауыз суды, моншаны, жылуды, электр энергиясын, байланысты, мектепті, аурухананы, спорт және мәдениет залдарын және секцияларды қалпына келтіруді және дамытуды қамтамасыз ету.
  • Ауылдық жерлерде жұмыс істеп тұрған орта мектептерге, фельдшерлік-акушерлік пункттерге және мәдениет мекемелеріне материалдық-техникалық қолдау көрсету және олар жоқ елді мекендерде оларды салу.
  • Ауылдық елді мекендерді аудан және облыс орталықтарымен байланыстыратын қазіргі автомобиль жолдарын реконструкциялау және жаңа жолдар салу.
  • Ауылдық елді мекендерде жаңа жұмыс орындарын ашу үшін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың әлеуетін пайдалану және жеке бизнесті ынталандыру.
  • Мамандардың, әсіресе жас мамандардың ауылдық елді мекендерде жұмыс істеу үшін келуін тұрғын үй сатып алатын көтермелеу жәрдемақысын және жалақысына үстеме беру арқылы ынталандыру.

 

Ұлттық экономиканың аграрлық секторын қарышты дамыту мақсатында біз мыналарға қол жеткіземіз:

  • Ауыл шаруашылығына арналған жерлерді ауыл шаруашылығын жүргізу ісімен айналысатын ауыл тұрғындарына басымдық беріп, тек қана Қазақстан азаматтарына беруді қамтамасыз ету.
  • Пайдаланылмай жатқан жерлердің проблемаларын заңнамалық тұрғыдан шешу, олардың тиімсіз пайдаланылуының критерийлерін анықтау, оларды алып қою және ауыл шаруашылығы айналымына қайтару.
  • Анықтау дегеніміз, жерді ауылшаруашылығын пайдаланушы басқа адамға 3 жылдан астам уақыт бойы қосалқы жалға беру оны тиімсіз пайдалану критерийлерінің бірі болып табылады.
  • Ауылдық елді мекендердің тұрғындарына ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге, оның ішінде жер, мал, қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтар, тұқым, тыңайтқыштар және т.б. сатып алу үшін арнайы жеңілдетілген кредиттер беру.
  • Жергілікті шаруашылықтарға оңтайлы жағдайда қызмет көрсететін машина-трактор станциялары желісін құру.
  • Сумен жабдықтау жүйесінің жұмыс істеп тұрғандарын реконструкциялауды және жаңа құрылғылар салуды қоса алғанда, жергілікті шаруашылықтарды суармалы желімен қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қолдану.
  • Ауыл шаруашылығына мемлекеттік субсидиялар бөлуді, олардың мөлшерін ұлғайтуды және тиісті бюджет қаражатын делдалдарға емес, тікелей фермерлер мен шаруаларға беруді қамтамасыз ету.
  • Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге жанар-жағар материалдарына тұрақты және оңтайлы баға белгілеу.
  • Ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін әділ бағамен мемлекеттік сатып алу көлемін ұлғайту.
  • Ауылдық жерлерде тұтыну кооперациясы жүйесін дамытуға жәрдемдесу.

 

Ауыл және агроөнеркәсіптік кешен - біздің басты адами және экономикалық ресурсымыз!

8. Биліктің сайлаушылар алдында ашықтығы және есеп беруі

Азаматтардың мемлекетті басқаруға нақты қатысуын қамтамасыз ету мақсатында біз мыналарға ұмтыламыз:

  • Парламентаризмді одан әрі дамыту, атқарушы билік органдарымен өзара қарым-қатынаста Парламент пен мәслихаттардың өкілеттігін кеңейту.
  • Сайлаушыларға тек өкілді органдар ғана есеп беруге тиіс, ал атқарушы органдар өзімен-өзі әрекет етеді деген пікір қалыптасқан. Бұл дұрыс емес: атқарушы органды бақылап, оған бағыт беріп отыру үшін өкілді органдар құрылады. Үкімет, министрліктер және әкімдіктер халыққа қызмет етуге тиіс.
  • Атқарушы органдардың іс-әрекетін парламенттік тексеру институтын енгізу.
  • Саяси партиялардың мүмкіндіктерін кеңейту, парламенттік оппозициядағы партиялардың мәртебесін, мүдделері мен өкілеттігін заңнамалық тұрғыда қорғау.
  • Парламенттік оппозициялық партиялардың бюджеттің шығыс бөлігіне әлеуметтік бағдарламаға арналған шығыстарды үкіметтің келісімінсіз бюджеттің 1%-ы мөлшерінде түзету енгізу құқығын заңнамалық тұрғыда бекіту.
  • Биліктің атқарушы органдары әзірлеген заң жобаларына парламенттік оппозициялық саяси партиялардың міндетті түрде алдын ала жасалатын сараптамасын олар Парламентке ресми енгізілгенге дейін жүргізу.
  • «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заңды және Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуды қолдаудың 2012 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу және қабылдау.
  • Елді мекендерде (қалаларды қоса алғанда) әкімдерді тікелей олардың тұрғындарының сайлауын біртіндеп енгізу.
  • Мәслихаттар депутаттарының 50%-ын пропорционалдық өкілдік негізінде саяси партиялар тізімі бойынша сайлау рәсімін енгізу есебінен облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттар депутаттарының санын екі есе ұлғайту.
  • Белгілі бір мәслихат депутаттары жалпы санының кемінде 2/3-сі тиісті әкімге әкімнің орынбасарын және әкімдіктің құрылымдық бөлімшесінің басшысын қызметтен босату жөнінде екі рет өтініш жасағаннан кейін мәслихаттарға оларды босатуға қол жеткізу құқығын беру.
  • ПМК (пәтерлердің меншік иелерінің кооперативі), жергілікті қоғамдастықтың жиындары мен жиналыстары және т.б. арқылы қоғамдық аумақтық өзін-өзі басқару институттарын дамыту жөнінде қажетті шаралар қолдану.
  • Жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу үшін қажетті ұйымдық және экономикалық ресурстар беру.
  • Кез келген дәрежедегі мемлекеттік қызметшінің өзінің қатардағы отандастарына, сайлаушыларға және салық төлеушілерге құрметпен қарауын қамтамасыз ету: мемлекеттік органдар халыққа қалтқысыз қызмет етеді, керісінше емес.
  • Барлық деңгейдегі әкімдер жанынан биліктің өкілді тармағының Тәртіптік комиссиясын қалыптастыруды тапсыру.

Министрлер мен әкімдер қарапайым адамдарға қызмет етуге тиіс!

9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кұрес және сот-құқықтық реформа

 

  • Біз кез келген қазақстандықты билік иелері және оларға жақын жүргендер тарапынан жасалатын ауыр алым-салымдардан және мәжбүрлеп алудан, жеке бизнеске және өзге де меншікке қол сұғушылықтан қорғауды талап етеміз.
  • Біз Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының өздеріне бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілігі туралы, БАҚ-та және т.б. теріс жарияланым пайда болған жағдайда әрбір мемлекеттік қызметшінің өз абыройы мен қадір-қасиетін сот тәртібімен қорғау міндеттілігі туралы талаптарының мүлтіксіз орындалуын табандылықпен талап етеміз.
  • Біз қарапайым азаматтардың барлық даулары мен келіспеушіліктерін билік органдары өкілдерінің әділ, жария және ашық қарауын қамтамасыз етуді табандылықпен талап етеміз.
  • Қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдамау және оған төзімсіздік ахуалын қалыптастыру жөнінде шара қолдану қажет деп ойлаймыз.
  • Сыбайлас жемқорлық көріністерін дер кезінде анықтау үшін жалпыға бірдей салық декларациясын енгізіп, оның ашық және бюрократтық емес сипатын қамтамасыз етуді жеделдету.
  • Жалпыға бірдей кірістерді декларациялаумен қатар, кезең-кезеңмен жалпыға бірдей шығыстарды декларациялауды да енгізу.
  • Сыбайлас жемқорлықпен әшкереленген шенеуніктердің қатарындағы азаматтар үшін жүріп-тұру, шет елге шығу, белгілі бір кезеңде меншікті және кәсіпорындарды иелену және басқару құқығын заңнамалық тұрғыда шектеуді ұсынамыз.
  • Біз сот және құқық қорғау органдарының бейтараптығын және бір жақты пікірде болмауын қамтамасыз етуді талап етеміз.
  • Соттың шынайы тәуелсіздігін, судьялардың жұмыстан тыс уақыты мен зейнеткерлікке шыққан кезін қоса алғанда, жоғары әлеуметтік қорғалуы мен жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет деп есептейміз.
  • Сот төрелігін іске асыруды қамтамасыз ету үшін барлық ашық сот отырыстарының Интернет бойынша on-line режимінде тұрақты трансляциясын орнатуды ұсынамыз.
  • Біз қылмыстық заңнаманы барынша ізгілендіруді талап етеміз: азаматтардың өмірі мен денсаулығына қасақана қатер төндірумен байланысты емес қылмыстар бойынша материалдық нұқсанның орнын толтыруға ерекше назар аудару орынды әрі ізгілікті болмақ.
  • Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдардың санын кезең-кезеңмен кемінде 50% азайтуға тез арада қол жеткізу қажет.
  • Сотта қаралатын даулардың санын 2-3 есе азайтуға және соттардың жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік беретін медиация және төрелік арқылы дауларды қараудың соттан тыс рәсімін дамытуға барлық жағдайды жасау. Соттан тыс қаралатын мәселелер көлемінің аз болуына байланысты қаралған және ойдағыдай шешілген даулар бойынша медиаторлар мен төрешілер қызметін мемлекеттік субсидиялауды енгізу.

 

Әділдік сатылмайды және оны сатып алуға болмайды: ақиқат әрқашан  біреу!

10. Қазақстанның әрбір үйінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экстремизм мен терроризмге сенімді тосқауыл қою

 

  • Барлық азаматтарды экстремизм мен терроризмнен қорғау жөнінде шара қолдану, адамдардың саяси еркіне, мемлекеттің қоғам қорқынышын туғызуға жол бермей, елдің кез келген нүктесінде терроризмді басатын қабілетіне сенімді орнықтыру.
  • Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің мәртебесін заңнамалық тұрғыда көтеру, олардың жоғары абыройы мен материалдық жағдайын қамтамасыз ету, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасын олардың кәсібіне қатысты болмай қоймайтын тәуекелден әлеуметтік қорғау.
  • Экстремистік сипаттағы құқық бұзушылығы, деструктивтік насихат жүргізгені, және мұндай әрекетке жастарды тартқаны үшін жауапкершілікті күшейту.
  • Терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі қадаммен қатар жеке адамның азаматтық құқықтары мен бостандығын қолдауды қамтамасыз ету.
  • Қазақ халқының және қазақстандықтардың дәстүрлі нанымына тән емес экстремистік діни ағымдардың қызметін заңнамалық тұрғыда шектеу және іс жүзінде олардың жолын кесу.
  • Елдегі өмір сүру деңгейін арттыру, неғұрлым өзекті әлеуметтік проблемаларды: жұмыссыздықты, арзан тұрғын үйдің жеткіліксіздігін, коммуналдық қызметтің (су, жылу, отын), медициналық қызмет көрсетудің қымбаттығын және олардың сапасының қанағаттанғысыздығын, адал емес шенеуніктердің сыбайлас жемқорлығын және жүгенсіздігін, ауыл жастарының өмірлік перспективасының жоқтығын шешу жөнінде батыл қадамдар жасау.
  • Күнкөрісі төмен отбасыларды барынша әлеуметтік қолдауды жолға қою, әлеуметтік мемлекет және әлеуметтік әділеттілік принципін іске асыру арқылы өте байлар мен өте кедейлер арасындағы кіріс деңгейінің алшақтығын шұғыл азайтуды қамтамасыз ету.

 

Қазақстанның әрбір үйіне, әрбір қазақстандық отбасына татулық, тыныштық және қауіпсіздік!

Құрметті достар!

Біз сайлаушыларға берген уәдемізді орындауды табанды түрде мақсат етіп отырмыз.

2012 жылы Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының құрылғанына 10 жыл толады. Бұл қарапайым жол болған жоқ, біз осы жолдан өтіп, саяси кемелдендік және еліміз бен халқымыз үшін өз миссиямызды одан әрі алып жүруге дайынбыз.

Біз қиын тағдырды бастан өткізген партиямыз. Біздің ол туралы ашық айтуға батылымыз жетеді.

Біз биікке шарықтауды да, құлдырауды да, жеңісті де жеңілісті де, одақтасуды да, жікке бөлінуді де бастан өткіздік.

Бірақ біз солардың бәріне төтеп бердік! Біз шынықтық, қуатты әрі икемді, есейген әрі тәжірибелі болдық, біз күшімізді нығайтып, ресурстарымызды жұмылдырдық.

Біз - тағдыры қарапайым және мінезі күрделі адамдар партиясымыз.

Өйткені біздің бұл тағдырымыз және мінезіміз қымтаулы жылыжайларда емес, бүкіл халықпен бірге қиындықтар мен қам-қарекеттерде қалыптасты.

Біз - өз еліміздің ұлдарымыз және өз заманымыздың перзенттеріміз.

Біздің басты асуымыз - әлі алда.

 

***

 

Қымбатты отандастар!

 

Біз қазіргі әлеуметтік, саяси және экономикалық проблемалардың сындарлы шешілуіне нақты іс-әрекетімізбен жәрдемдесуге дайынбыз.

Ішкі қарқынды дамуды біздің ұлттық мүддемізге жәрдемдесетін және экономиканың дамуына қызмет ететін достық ниеттегі және ашық сыртқы саясатпен ұштастыру қажет екендігіне сенеміз, Қазақстанның Дүниежүзілік  сауда ұйымына кіруі жөніндегі маңызды формат және тиімді кезең ретінде Мемлекет басшысының Кеден Одағын және Бірыңғай экономикалық кеңістік құру жөніндегі ертеде жасаған бастамасын ойдағыдай іске асыруды біз дәл осы тұрғыда қарастырамыз. Бұл орайда, ДСҰ-ға кіру - кейбіреулердің шамшылдығын қанағаттандыру үшін жасалатын жалаң мақсат емес, қарапайым қазақстандықтардың дүние жүзіндегі ең жақсы тауарлар мен қызметке еркін қол жеткізуін қамтамасыз етудің және біздің отандастарымызды өмір сапасының озық стандарттарымен қауыштырудың бірден-бір тәсілі.

 

ЕҚЫҰ-ны басқарған кезде Президент Назарбаев төрт «Т» - траст (сенім), трансперенси (ашықтық, адалдық), традишн (дәстүр) және толерэнс (төзімділік, кеңпейілдік) тұжырымдамасын жария етті.

 

Адамдар мен халыққа қызмет ету үшін бұдан артық ұстанымды ойлап таба алмайсың.

Біз сайлауға түсеміз, өйткені біздің еліміз бен халқымыздың алдында жарқын болашақ бар екеніне сенеміз.

Біз қарапайым халыққа адал қызмет ету үшін сайлауға түсеміз.

Біз қазақ халқының дәстүрі мен демократиялық құндылықтарын тоғыстыру үшін  сайлауға түсеміз.

Біз сайлауға түсеміз, өйткені отандастарымызды шын жүректен жақсы көреміз және әрбір үйге, әрбір қазақстандық отбасына татулық пен ізгілік тілейміз.

 

Бірақ, осы төрт «Т» іске асуы үшін, біз бесінші «Т»-ны - трансформейшн (өзгеріс) қосқымыз келеді.

Себебі, оны өзгертпей, өмірді жақсарту мүмкін емес.

Себебі, «жақсарту» сөзінің мәнінің өзі - жақсы өмір сүру үшін өзгерістер жасау.

Ал өзгерістер - бұл қашанда балама, бұл сенде не бар және не болғанын қалайсың, осы аралықтағы таңдау.

«Ақ жол» партиясы барды бағалай отырып, бірақ одан да зор жақсылықтарға ұмтылуды ұсынады.

Біз алға жетелейтін өзгерістерді күтпейміз, біз оның жолын ұсынамыз.

Және біз барлық қазақстандықтарды бұл таңдауды бізбен бірге жасауға шақырамыз.

 

АҚ ЖОЛ, ҚАЗАҚСТАН!

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321