Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3473 0 пікір 1 Желтоқсан, 2011 сағат 05:28

Қазақстанға қаржы дағдарысының екінші толқыны келе жатыр

Қазақстанға қаржы дағдарысының екінші толқыны келе жатыр. Қайтпек керек. Қаржы дағдарысына қам-қаракеттің басы ретінде Қазақстан билігі Парламент Мәжілісін мерзімінен бұрын таратып жіберді.  Оның жай-жапсарын өткендегі бір сөзінде Елбасымыз да айтқан болатын.

Қазақстанға қаржы дағдарысының екінші толқыны келе жатыр. Қайтпек керек. Қаржы дағдарысына қам-қаракеттің басы ретінде Қазақстан билігі Парламент Мәжілісін мерзімінен бұрын таратып жіберді.  Оның жай-жапсарын өткендегі бір сөзінде Елбасымыз да айтқан болатын.

Қазақстан қаржы дағдарысының бірінші толқынын 2008-2009 жылдары қарсы алып, аман-есен шығарып салған-ды. Естеріңізде болса, сол 2008-ші жылдың басында өкімет «қаржы дағдарысы бізге келмейді, айналып өтеді» деген. Айналып өтпеді. Дағдарыс банк пен тұрғын үй құрылысын тұралатып кете жаздады. Дағдарыстың кезінде болатын көресіні  үлескерлер мен несиеге «нәски сатып кигендер» көрді. Баспана үшін барын салып, құрылысқа қаражат құйғандар алаяқ компаниялардан  ақшасын өндіре алмай әрі  жайлы пәтердің қарасы көзден бұл-бұл ұшып әуіреге түскен. Жекелеген тұлғаларға 15-20 пайыз көлемінде несие таратып, пайдаға шаш-етектен кенелеміз деген банктер мемлекеттті қарызға батырып әупіріммен аяққа тұрғанын да ұмыта қоймаған шығармыз. Және жадымызда: қаржы дағдарысы Қазақстанның қытайға қарызын 14 млрд долларға еселеді. Сондай ірі көлемде қаржы тарту үшін Мәсімов үкіметі сан құбылып, тіпті қытай дихандарына қазақ жерін жалға беруді ұсынып жүріп әйтеуір экономиканы меңдеген дағдарыс дертінен даң қойып жазылған сыңай танытқан. Сөйтіп «қаржы дағдарысына қарсы үкімет» атанған Мәсімовтың құзырындағы бүгінгі атқарушы билік шұғыл өткен Президент сайлауынан кейін де жылы орнын сақтап қалған еді.

Сарапшылар екінші толқынның тағы да аталған саланы: тұрғын үй мен банкті кеп ұратыны туралы айтуда. Банктер бұрынғыдай оңды-солды несие таратудан қазір тиылған. Дағдарыс банктер  үшін дұрыс сабақ болды. Тұрғын үй құрылысы да Ким, Нан сияқты алпауыт кәрістердің иелігінен алынып мемлекеттік бақылауға өтті. Тұрғын үй құрылыс секторында қазір мемлекеттің үлесі басым.

Хош делік. Алматыда өтіп жатқан бүгінгі халықаралық «Жібек жолы» конференциясында қаржы дағдарысының екінші толқыны туралы сөз болып жатыр. Дағдарыс Қазақстанның минералды-табиғи ресурстар өнеркәсібіне салқынын тигізуі әбден мүмкін дейді мамандар. Сондықтан  қазақ экономикасын мұнай мен газға тәуелді етпейтін жолдарды  қарастыруымыз керек екен.

- Мұнайдың бір бареллі 80 АҚШ доллары көлемінде шектелуі мүмкін, - дейді экономикалық даму және сауда вице-министрі Мәдина Әбілқасымова. - Біз одан төмен болатын бағаны да есепке алып отырмыз. Қазақстан алғашқы қаржы дағдарысына қарсы Ұлттық қордан 14 млрд қаржы жұмсап тығырықтан шыққан. Қорымызда 75 млрд доллар бар. Бұны қаржы дағдарысына қалқан ретінде пайдаланамыз.

Әбілқасымова әпкеміз осылай дейді. Ал, қаржы дағадарысы не дейді екен? Күтеміз...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5332