Алматыға Түркия дәрігерлері коронавирус жұқтырғандарды емдеуге келеді
![](https://abai.kz/content/uploads/2020/07/photo_69860.jpeg)
Алматыға Түркия дәрігерлері коронавирус жұқтырған науқастарды емдеуге келеді. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты.
Сағынтаев бүгінде RAMS Qazaqstan түрік құрылыс компаниясының акционерлерімен келіссөздер жүргізіліп жатқанын хабарлады.
- Қалада олардың екі қонақ үйі бар, олар сол нысандарды коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу үшін қолдануды ұсынды. Егер біз келісіп, 1 қазанға дейін лицензия берсек, олар қонақ үйлерді толығымен ауыр техникамен жабдықтап, түрік дрігерлерін шақырады. Кеше келістік, қажет шешім шығады. Қонақ үй базасында 215 орындық ковид клиникасы дайындалады, - деді Бақытжан Сағынтаев.
Соңғы мәліметтер бойынша, Алматыда 10 067 адамнан COVID-19 анықталған. Оның ішінде, 6 мыңнан аса дам аурудан айыққан. Жалпы 73 адам қайтыс болған.
Дереккөз: Tengrinews.kz
Abai.kz