Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2862 0 пікір 2 Желтоқсан, 2011 сағат 08:10

Ақжол алыспен байланыс орната бастады

«АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның партия төрағасының орынбасары Ерлан Барлыбаев бастаған делегациясы партияаралық байланыс орнату мақсатында Брюссельде жүр.

«АҚ ЖОЛ» ҚДП Баспасөз қызметі, 2011 жылғы 1 желтоқсан

Осы күндері «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Ерлан Барлыбаев бастаған делегациясы Брюссельде жүр.

Партия төрағасының орынбасары Ерлан Барлыбаев атап өткендей: «Бүгінгі таңда Еуропаның партиялық құрылысындағы негізгі трендтерді жетік білуіміз үшін керек. Қазақстан Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының төрағасы болды. Осы ретте біз қазақстандық партиялық жүйені де халықаралық стандарттарға сай жетілдіргіміз келеді».

29 қарашада «АҚ ЖОЛ» партиясының делегациясы АЛДЕ Групп либералдар мен демократтардың Еуропа үшін Альянсының халықаралық істер, қауіпсіздік пен қорғаныс, институционалдық байланыстар бөлімінің кеңесшісі Ренальдас Вайсбродас мырзамен кездесті.  Кездесуде азаматтық қоғам мен партиялық құрылыс аясында діни экстремизммен күрес және алдын алу шаралары кеңінен талқыланды.

«Бұл бағыт бүгінгі таңда Қазақстан үшін де маңызды. Экстремизм барлық елдер үшін жаһандық қатерге айналып отыр. Бізге осы тұрғыдағы Еуропаның тәжірибесі аса құнды» деді, Ерлан Барлыбаев.

Бұдан кейін Социал-демократтар Фракциясының Еуропарламенттегі депутаты Лиза Йяконсааримен мазмұнды әңгіме болды.

30 қарашада «Ақ жол» ҚДП делегациясы АЛДЕ Групп фракциясының кеңейтілген мәжілісіне қатысты.

Осы күні Еуропарламент пен Еурокомиссия ғимаратында бірқатар кездесулер өтті. «Ақжолдықтар» Еуропарламент депутаты, Liberal International президенті Ван Баален мырзамен, Еуропарламент депутаты, АЛДЕ Групп мүшесі, Халықаралық істер жөніндегі комитет мүшесі Норика Николай ханыммен,  Еуропарламент депутаты, «жасылдар» өкілі, Еуроодақтың Орта Азиядағы стратегиясы бойынша негізгі баяндамашы Николь Киль-Нильсен ханыммен, Еуропарламент депутаты, АЛДЕ Групп мүшесі, Еуроодақтың Орта Азия бойынша Парламенттік  комитетінің мүшесі Вилья Сависаар-Тоомаст ханыммен және Еуропалық Комиссияның Орта Азия бойынша бөлімінің басшысы Виктор Мальдонадо мырзалармен кездесті.

Бүгін партиялық делегация Хорватияның Еуропалық Одаққа кіру мәселесіне арналған мәжіліске қатысады.

«АҚ ЖОЛ» партиясы бұдан әрі де, партиялық құрылыс, сондай-ақ, ел мен қоғаның саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуы жөніндегі мәселелер аясында, халықаралық қауымдастықтармен тығыз қарым-қатынас орнатып, тәжірибе алмасып отырмақ.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381