Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
2524 1 пікір 28 Шілде, 2020 сағат 11:10

АҚШ COVID-19 пандемиясы кезінде тұрғындарға тағы қаржылай көмек көрсету жобасын әзірледі

АҚШ билігі коронавирус пандемиясы кезінде тұрғындарға бір триллион доллар көлемінде тағы да қаржылай көмек көрсету бағдарламасын әзірледі.

Бұл жөнінде қаржы министрі Стивен Мнучин Fox News каналына берген сұқбатында жариялады. Жобада әрбір отбасыға 1200 доллардан төлеу қарастырылған.

Ақ үй президент Дональд Трамп заң жобасын қолдады деп мәлімдеді. Бүгін республикашылдар Конгресске ұсынады. Осыған дейін демократтар өзінің заң жобасын дайындаған. Бірақ ол үш есе қымбатқа түскен. Оны Өкілдер палатасы әзірлеген, бірақ Сенат кері қайтарды.

Вашингтон осыған дейін пандемия кезінде халыққа 3 трлн доллар жұмсаған.

АҚШ COVID-19 вирусынан көп зардап шегіп жатыр. Індет жұқтырғандар саны төрт миллионнан асады. 150 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Әлемде 16,5 млн адам індет жұқтырды. Көз жұмғандар саны 650 мыңнан асады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 777
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2930
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1992