Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2425 0 пікір 6 Желтоқсан, 2011 сағат 10:18

Ермек Сахария. Еліміз қару-жарақ қоймасына айналып кетпей ме?

Елімізде жиі орын алып жүрген лаңкестік әрекеттерден кейін ел халқы дәл осындай сауал қоюға мәжбүр болып отыр. Себебі, бүгінде ешуақытта да бейбіт мақсатқа қолданылмаған қару-жарақ баланың ойыншығына айналып кеткені жасырын емес.

Елімізде жиі орын алып жүрген лаңкестік әрекеттерден кейін ел халқы дәл осындай сауал қоюға мәжбүр болып отыр. Себебі, бүгінде ешуақытта да бейбіт мақсатқа қолданылмаған қару-жарақ баланың ойыншығына айналып кеткені жасырын емес.

Өйткені, қан-қасап қарудың түр-түрі вахабиттер ғана емес, бесіктен белі шығып, аузынан емшек сүті кеппеген өрімдей жап-жас мектеп оқушыларының қолында жүр. Соның бір мысалына Шымкент қаласы мектептерінің бірінде жасөспірімдер арасында орын алған қарулы қақтығыс оқиғасын келтіруге болар еді. Ең өкініштісі жазықсыз жастардың қаны төгіліп қана қоймай, отбасы мүшелерін бозінгендей боздатып, қасірет-ті көз жасы да ағу үстінде. Алайда мәселенің себебімен емес, салдарымен күресетін немқұрайдылығымызға бағып, әлі күнге бармақ шайнаудан арыла алмай келеміз. Таразда орын алған қанды қасапханадан кейін құзырлы органдар да, қару-жарақпен айналысатын қауымдастық өкілдері де бұл мәселеге немкеттілікпен қарамау керек екенін енді ғана ұғынып, қылмыстық іс-әрекеттерді болдырмаудың алдын алуға жанталасып кірісіп жатқаны байқалады. Жалғыз өкініштісі - тек адам қаны төгілгеннен кейін ғана. Құқық органдары тараздық лаңкеске гранатаатқыш қаруды сатқан адам табылып, оның Қазақстанда сатып алынбағандығы анықталды деп мәлімдеді. Соған қарағанда, бұл қарулар саяси ахуалы аумалы-төкпелі Қырғызстан мен тым мазасыз Қап тауы өңірлеріндегі республикалардан әкелініп жатқан сыңайлы.

«Қазақстан-Заман» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5396