Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2604 0 пікір 6 Желтоқсан, 2011 сағат 15:04

ҚР-да университеттердің айналасында инновациялық орта қалыптаспаған – Мәсімов

Астана. 6 желтоқсан. ҚазТАГ - Айгүл Түлекбаева. Қазақстанда университеттердің айналасында инновациялық орта қалыптаспаған, деп есептейдіпремьер-министр Кәрім Мәсімов.

«...Қазақстанда университеттердің айналасында сәйкес (инновациялық - ҚазТАГ) орта әзірге қалыптаспаған... Бізде бұл бағытта қозғалуға ниет те, мүмкіндік те бар. Бірақ университеттер жастарды тартатын инновациялық ортаға айналу үшін менталитетті өзгерту керек. Мұны бір ниетпен немесе декретмен жасау мүмкін емес», - деді ол сейсенбі күні президенттік инновациялар клубының отырысында.

«Бұл кезеңде мемлекет инновациялардың дамуын ынталандыру үшін үлкен роль атқаруға тиіс деп ойлаймын.Үкімет те, мемлекеттік компаниялар да, барлық деңгейдегі бюджеттеріміз де инновациялық процестердің дамуын ынталандыруға тиіс. Бұл процеске ірі жеке және бұқаралық компаниялар да, ірі инвесторлар да тартылады деп ойлаймын», - деп жалғастырды К. Мәсімов.

Премьер-министрдің айтуынша, шағын және орта бизнес үшін «инновациялық жобаларда бәсекелесу ауыр».

«..Басқа жағынан, егер дамыған индустриалды елдерге қарасақ, кезінде гаражда бірдеңе құрастырған шағын компаниялар да кейін ірі және инновациялық компанияларға айналған», - деді ол.

Сондай-ақ, К.Мәсімов үкімет жеке бастаманы да қолдайтынын айтты.

«...Біздің экономикалық саясаттың келесі бағыты жеке бастаманы дамытуды көздейді», - деді ол.

Премьер 2007жылдан 2011-ші жылға дейін «жеке сектор қатты зардап шеккенін» айтты.

«Коллапсқа жол бермеу үшін мемлекет қатты көмектесіп, дағдарысқа қарсы шаралар қабылдауға мәжбүр болды. Нәтижесінде 2011 жылдағы мемлекеттің экономикаға қатысуы 2007 жылмен салыстырғанда әлдеқайда көп», - деді премьер-министр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5397