Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2763 1 пікір 4 Тамыз, 2020 сағат 12:45

Мамин: Пандемияның жаңа толқынына дайын болуымыз керек

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин коронавирус пандемиясының жаңа толқыны күзде пайда болуы мүмкін екенін айтты.

Оның айтуынша, ауру жұқтырған азаматтарды емдеу, маска кию режимін сақтау туралы түсіндіру науқанын жалғастыру керек.

«Қазіргі таңда әлемдегі статистика 126 мемлекетте ауру жұқтырғандар саны өсіп жатқанын көрсетіп отыр. Пандемияның жаңа толқыны күзде пайда болуы мүмкін. Оған дайын болуымыз керек әрі оның алдын алу үшін барлық белгіленген талаптың сақталауын қамтамасыз етіп, жоспарланған шаралар кешенін іске асыру қажет. Ералы Ұлықпанұлы, (үкімет басшысының орынбасары - автор) жағдайды үнемі бақылауда ұстаңыз», - деді Мамин үкімет отырысында.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 93 820 адам COVID-19 жұқтырды. 65 132 науқас жазылды, 1 091 адам қайтыс болды.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371