Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 6372 0 пікір 6 Желтоқсан, 2011 сағат 22:02

Жерге ұқсас ғаламшар табылды

НАСА-ның «Кеплер» ғарыштық телескопымен жұмыс істейтін бір топ ғалым Жердегі  өмір сүру мүмкіндігіне ұқсас  алғашқы ғаламшарды аңғарып, оны сұйық суы бар, демек, тірі организмдердің болуы әбден мүмкін «өмір аймағындағы» жұлдыздардан табылғандығын нықтап отыр. Бұл жөнінде дүйсенбіде болған брифингде хабарлады.

Бұл Жерге сыңар ғаламшар іздестіру жолындағы маңызды асу, - деп мәлімдеді Дуглас Хаджинс (Douglas Hudgins), «Кеплер» бағдарламасының жетекшісі, Уашнгтондағы НАСА штаб-пәтерінде сөйлеген сөзінде.

Бұған дейін «Кеплер» 1 мыңға жуық үміткер ғаламшар болғандығын, олардың оны көлемі жағынан Жерге жуық әрі «өмір аймағына» жататынын аңғарған. Биылғы ақпан айында 54 мекен болар үміткер ғаламшар жөнінде мәлімделген еді. Олардың ішінде алғашқы нақтыланғаны Kepler-22b.

Бұл ғаламшардың радиусы Жердікінен шамамен 2,4 есе үлкен. Оқымыстылар әзірге бұл ғаламшардың негізінен қатты заттан әлде газдан не сұйықтан тұратындығын айта алмайды.

Kepler-22b Жерден 600 жарық жылындай қашықта,оның жұлдыздарды айналу кезеңі шамамен 290 күн. Бұл жұлдыз біршама кіші әрі салқынырақ болса да,  G сәулешашар класқа жатады.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401