Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2446 0 пікір 7 Желтоқсан, 2011 сағат 09:45

«Ақ жол» Тәуелсіздікке тәу етті

2011 жылғы 7 желтоқсанда Астанадағы «Ақ жол» демократиялық партиясының орталық офисінде партияның Орталық Кеңесінің отырсы өткен болатын. Жиын Қазақстан Тәуелсіздігінің 20-жылдық мерейтойына арналды. Кеңесті «Ақ жол» партиясының Төрағасы А.Перуашев ашып, жүргізді.

« Біз бүгін Қазақстан Тәуелсіздігінің 20-жылдығы қарсаңында бас қосып отырмыз. Бұл - еліміз үшін ерекше тарихи маңызы бар оқиға. Біз осыдан жиырма жыл бұрын ата-бабамыз аңсаған, аманат еткен егемендікке қол жеткіздік. Жиырма жыл аз ғана мерзім болғанымен, біз осы кезеңде ауыр да сындарлы жолдан өттік. Бұл уақыт, шынында да, Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, «ғасырға бергісіз жылдар болды».

Барлық қиындықтарға қарамастан осы кезеңде Қазақстан аяғынан нық тұрды. Бұрын империяның түкпіріндегі белгісіз отар ел болсақ, бүгінде бүкіл әлем бізді дербес, өркениетті, дамыған мемлекет ретінде таниды.  Қазақстан аз уақыттың ішінде нарықтық экономикалы елге айналып, қоғамдық, әлеуметтік тұрғыда тұрақты даму жолына түсті. Халықтың жай-күйі әлдеқайда жақсарды.

Әрине, барлық проблемалар шешімін тапты деп айтуға болмас. Соның ішінде, ауылдың болашағы, әлеуметтік жағдайы төмен отандастардың мәселесі және т.б. бар. Алайда, бұл дүниеде барлық проблеманы 100 пайыз шешіп берген мемлекет жоқ екенін де мойындауымыз қажет», деді, А.Перуашев.

Ол Қазақстанның жиырма жылдағы жеткен жетістіктеріне тоқтала келіп: «Ең бастысы, Тәуелсіздік бізге өз мәселелермізді өз таңдауымызбен шешуге мүмкіндік беріп отыр. Ел тағдыры - өзіміздің қолымызда. Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі, меніңше, осы. Сондықтан осы жылдары атқарылған шаруаға әділ баға беруіміз қажет», деді.

А.Перуашев мемлекеттің жиырма жылдағы табыстарын жоғары бағалай келіп, елдегі өзекті проблемалардың шешілуіне билік те, қоғам мен партиялар да жауапты екенін атап өтті.

А.Перуашев алда болатын Мәжіліс сайлауы мемлекеттің осы уақытқа дейін жүргізген реформаларының заңды жалғасы және жаңа өзгерістердің басы болуы тиіс деп санайды.

Сондай-ақ, Партия төрағасы барша «ақжолдықтарды» халықтың болашағы жолында аянбай жұмыс істеуге шақырды.

Жиын соңында, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен, «Ақ жол» партиясының бір топ көрнекті өкілдеріне «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мемлекеттік медальдары салтанатты түрде тапсырылды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443