Сенбі, 23 Қараша 2024
2718 0 пікір 1 Шілде, 2020 сағат 15:32

Қазақстанда жаңа туризм университеті ашылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы туризмді дамыту үшін еліміздегі табиғаты тартымды жерлерді қалыптастыру, сонымен қатар этнотуризмді дамыту жөнінде айтқан болатын. Бұл бағытта елімізде бірқатар іргелі істер атқарылып жатыр. Солардың бірі Түркістан қаласында жаңадан құрылған Халықаралық туризм және меймандостық университеті.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, жуырда ғана ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жанынан құрылған аталған университет Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен ашылған.

Бұл университет туризм саласындағы әлемдік деңгейдегі мамандар даярлайтын еліміздегі халықаралық деңгейдегі тұңғыш жоғары оқу орны. Мұндағы талапкерлер туристік бизнестің нақты қажеттілігін ескере отырып, 4 жылдық білім беру бағдарламасының негізінде халықаралық үлгідегі екі диплом алатын болады. Бұл мүмкіндік түлектердің өз мамандығы бойынша әлемнің кез-келген елінде еш кедергісіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Жоғары оқу орнында отандық профессорлармен қатар шетелдік профессорлар, туризм және сервис саласындағы алдыңғы қатарлы ірі компаниялардың ТОП менеджерлерімен қатар осы саланың ғылым докторлары дәріс оқымақ. Сонымен қатар, бұл университеттің түлектері өз тәжірибесін Біріккен  Ұлттар Ұйымының Халықаралық туристік ұйымында (UNWTO) жетілдіретін болады.

Университет базасында туризм факультеттерінен бөлек спорттық кафедралар да құрылған. Сонымен қатар, аталған оқу орнында біліктілікті арттыру орталығымен қоса IELTS, TOEFL сияқты халықаралық емтихандарды тапсыру, шет тілдерін тереңдетіп оқытатын тіл орталығы да жұмыс істейді.

Халықаралық туризм университеті биылдан бастап талапкерлер қабылдауды бастаған. Университетке 2020-2021 оқу жылында 800 грант бөлініпті. Ал, түлектер туризм мамандығына түсі үшін шет тілі мен география пәндерін таңдауы тиіс. Ал, ұлттық бірыңғай тестілеудегі шектік балы 50 балдан төмен болмауы керек. Университетке құжаттар қабылдау 20 маусым мен 7 шілде аралығында болады. Ал, шығармашылық емтихан 8 шілде мен 13 шілде аралығында жүргізіледі.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның туристік әлеуетін дамытуда кәсіби мамандарды дайындау аса маңызды екенін атап өткен болатын.

-Туризм – күрделі салалардың бірі. Сондықтан бұл салада тиісті мамандарды даярлауымыз керек.  Сол себепті Туризм университетін ашу туралы шешім қабылдадық. Алдағы уақытта аталған университетте туризм саласында жұмыс істей алатын білікті кадрлар дайындау керек,- деген болатын.

Сонымен қатар Президент отандық туризмді дамыту аясында өңірлердегі көлік-логистикалық инфрақұрылымды қалыптастыру мен еліміздің барлық рекреациялық аймағында демалатын және тамақтанатын орындар мен қонақүйлердің құрылысына кәсіпкерлерді тарту қажеттігін де ескерткен болатын. Сондай-ақ, Президент инновациялық және креативті шешімдер арқылы Қазақстанның туристік әлеуетінің ақпараттық жағынан қолжетімді болуын да атап өткен еді.

Жалпы, бүгінде шет елдік туристерді курорттар мен бес жұлдызды қонақүйлерден гөрі, әртүрлі халықтардың мәдениеті мен әдет-ғұрпы, барған елдің тарихы,салт-дәстүрі қызықтыратыны рас. Сондықтанда, әлемде өзіндік ерекшелігі бар жерлерге бару, көне әрі қайта қалпына келтірілген маңызды оқиғаларға қатысу, тарихи фестивальерге деген сұраныс артып келеді. Демек, Қазақстанда туризм саласында осы бағытты ұстануы қажет. Ал, Қазақстанның әлемге ұсынатын бірегей орындары аз емес.

Одан бөлек, (2012 жылғы мәлімеке сәйкес) Қазақстанның 3 нысаны ЮНЕСКО-ның әлемдік мұралары тізіміне енген. Олар: Қожа-Ахмет Ясауи кесенесі, Тамғалы петроглиф тас кешені, Сарыарқа – Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері. Бұл үш нысанның екеуі тізімге мәдени талаптар бойынша енгізілсе, біреуі табиғи талаптар негізінде енген.

Сонымен қатар Қазақстан аумағындағы 12 нысан Әлемдік мұра тізіміне үміткер ретінде тіркелген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366