Бейсенбі, 24 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3500 0 пікір 7 Желтоқсан, 2011 сағат 20:26

Қазақстан, көктемің қайда кетті?

Бұлтты буған бұла жайма көкті,

Суық жел суыт соғып айдап өтті.

Сыртта Сәуір, сонда да қар жауып тұр,

Қазақстан, көктемің қайда кетті?

 

Қуанғаннан ататын бөрік деп пе ең,

Қыстан ел-жұрт жүргенде жеріп көптен, -

Қандай қадір бар дейсің қарда қазір,

Жерге түсіп болмастан еріп кеткен.

 

Осы болса жазғаны пешенеге,

Қытымыр қыс ызғары есе келе,-

Өткінші жел сияқты өтер-кетер,

Соққанымен тынбастан неше, өле.

 

Жайлауындай жайламай жайма көкті,

Қазақстан, көктемің қайда кетті?

Шуақты Күн күліп бір берші қыздай,

Сал самал сен де есші майда лепті.

 

Қарамай көпке түскен арашаға,

Қаншама қырын тағдыр қараса да,-

Көктемді аяқтанып келе жатқан,

Қыспаққа алу қысқа жараса ма?

 

Қалайша сені, Ей, қыс бақ санайын,

Сәуірге үндес емес ақ самайың.

Неліктен жер жастанып жатып алдың,

Тағынан түспей қойған патшадайын.

А.А.

"Абай-ақпарат"

Бұлтты буған бұла жайма көкті,

Суық жел суыт соғып айдап өтті.

Сыртта Сәуір, сонда да қар жауып тұр,

Қазақстан, көктемің қайда кетті?

 

Қуанғаннан ататын бөрік деп пе ең,

Қыстан ел-жұрт жүргенде жеріп көптен, -

Қандай қадір бар дейсің қарда қазір,

Жерге түсіп болмастан еріп кеткен.

 

Осы болса жазғаны пешенеге,

Қытымыр қыс ызғары есе келе,-

Өткінші жел сияқты өтер-кетер,

Соққанымен тынбастан неше, өле.

 

Жайлауындай жайламай жайма көкті,

Қазақстан, көктемің қайда кетті?

Шуақты Күн күліп бір берші қыздай,

Сал самал сен де есші майда лепті.

 

Қарамай көпке түскен арашаға,

Қаншама қырын тағдыр қараса да,-

Көктемді аяқтанып келе жатқан,

Қыспаққа алу қысқа жараса ма?

 

Қалайша сені, Ей, қыс бақ санайын,

Сәуірге үндес емес ақ самайың.

Неліктен жер жастанып жатып алдың,

Тағынан түспей қойған патшадайын.

А.А.

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1426
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2997
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1072
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1002