Бұл жөнінде министрлік өкілі Айгүл Бообекова хабарлады.
Оның айтуынша, жаңа оқу жылында Медакадемияда "Емдеу ісі" 210 орынға, "Медицина – профилактикалық іс" 60 орынға, "Педиатрия" – 40, "Медбикелік іс" 10 орынға көбейтілді.
Ош мемлекеттік университетінің медицина факультетіне қосымша 80 орын бөлген.
Ординатура бойынша "Эпидемиология" - 30, "Инфекциялық аурулар" - 22, "Микробиология" - 30, "Реаниматология" 26 орынға көбейді. Жалпы ординатураға қосымша 250 грант бөлу қарастырылып жатыр.
Денсаулық сақтау министрлігі бұл шешімді дәрігерлер жетіспеуін жою деп түсіндірді.
Коронавирус эпидемиясы басталған наурыз айынан бері Қырғызстанда медициналық қызметкерлердің жетіспеушілігі ашық байқалды. Үкімет медициналық білімі бар барлық азаматтарды келісім бойынша жұмысқа шақырды. Тіптен Ресейде медицина мамандығы бойынша дәріс алып жатқан студенттер де келді.
Abai.kz