Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Жаңалықтар 2875 0 пікір 8 Желтоқсан, 2011 сағат 09:45

Серғазы Асланбек. Алаш апталығы

Биыл Ел тәуелсіздігінің 20, Желтоқсан ұлт азаттық көтерілісінің 25 жылдығымен қоса Алашорда Ұлттық үкіметінің 94 жылдығы қатар келіп отыр.  Нақтырақ айтсақ 1917 жылдың 5-і мен 13-ші желтоқсан күндері Орынбор қаласында екінші жалпы қазақ-қырғыз құрылтайы өтті. Аталған құрылтайда Алаш автономиясы құрылып, ол өзінің тәуелсіздігін жариялағанын біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Қазақ тарихын 1991 жылдан бастауымыздан болар, аталған күнді атап өту мәселесі тиісті деңгейде емес.

Осы олқылықтың орнын толтыруды көздеген Нұр Отан ХДП мен бір топ Қазақ жастары желтоқсаның 6-сы мен 13-ші жұлдызы аралығында Елордамыз Астанада «АЛАШ» апталығы аясында бірқатар іс-шаралар өткізуде. Жастардың бастамасына «Нұр Отан» партиясының хатшысы Ерлан Қарин қолдау білдіріп, ерекше қызығушылық білдіруде. Өйткені ол өз сөзінде «Астанадағы қазақ жастарының бастамасына сүйсініп қалдық. Себебі олар осы істерімен-ақ өздерінің ұлтына, Отанына, халқына, тарихына жаны ашитындықтарын дәлелдеп берді. Астанада ұйымдастырылатын «Алаш» апталығы таяу болашақта республикамыздың түкпір-түкпірінен қолдау тауып, жалпыұлттық сипатқа айналады деп ойлаймын. Өйткені қазірдің өзінде осы жаңалықтан «twіtter» арқылы құлағдар болған еліміздің басқа аймақтарындағы жастар өз облыстарында «Алаш» апталығын ұйымдастыруға ниет танытып отыр», - деген еді.

«Алаш туы астында: Алаш. Желтоқсан. Тәуелсіздік» деген деммен өтетін апталықтың ашылу рәсімі «Аманат» интеллектуалды пікірсайыс клубының отырысымен басталды. «Алаш, Желтоқсан, Тәуелсіздік: Азаттық жолындағы күрестер сабақтастығы» деген тақырыпта негізгі баяндаманы белгілі тарихшы Бүркіт Аяған жасады. Бас қосуға жазушы Алдан Смайыл, қоғам қайраткері Бақытбек Смағұл, философ Омар Жәлел және тарихшылар Күлпәш Ілиясова, Данагүл Махат қатысты.

Ал екінші күнгі шара Алаш жаңғырығы деген атпен Қазақ радиосында өтті. Мұнда бұған дейін «Мен қазақпын» бағдарламасының апта бойы тыңдармандармен жүргізген кері байланысы негізінде Алаш арыстары жайлы сұрақ-жауапта үздік танылған тыңдармандар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Бейсенбі яғни, бүгін Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де Алаш оқулары өтеді. Әдеби кеште алаш арыстарының өлеңдері оқылып, жас ақындардың алашордашыларға арнауы тыңдалады. Ал қасиетті жұма күні Алаш лекциясы осы оқу орынының Ақселеу Сейдімбек атындағы аудиториясында өтеді. Лектор белгілі алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай.

Ал желтоқсанның 12-сі күні «Алаштың Әлиханы» атты деректі фильмнің тұсау кесері ұйымдастырылмақ. Әйтсе де кейбір қазақ болщевиктеріне көңіл бөлінгендей осыған дейін Әлекеңе назар аударылмаған еді. Ең өкінштісі бүгінде Әлихан Бөкейханды өз шәкірті Мұстафа Шоқаймен жарыстырушылар пайда болуда. Иә қазақта «Ұстазынан шәкірті озады» деген мәтел бар. Бірақ Әлиханды қор етіп, Мұстафаны зор етіп көрсетудің астарында не жатыр? Кеңестік шолақ белсенділерге қарата әнші Әміре Қашаубайұлы: «Сендер өздеріңді «нағыз қазақпыз» деп ойлайсыңдар. Мен нағыз Қазақты Мәскеу мен Парижде көрдім» деген екен. Сондағы Әміренің Мәскеуде көрген қазағы Әлихан болса, Париждегісі әрине Мұстафа тұғын. Тіршілігінде Ұлт көсемін ұстаз тұтқан Мұстафаны Әлекеңе айдап салу кімге керек болды екен? Қош, сонымен сейсенбіден басталған апталық сейсенбі күнгі қортынды кешпен аяқталады.

Астанадан басталған апаталықты республиканың түкпір түкпіріндегі жастар іліп әкетуде. Мәселен Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлының мұражайының алдында бір топ жастар митинг өткізді. Ал Қызылорда да «М.Шоқай және Түркістан консепциясы», батысқазақстанда (Ж.Досмұхамедұлы атындағы Педколедждің студенттері) «Ж.Досмұхамедұлы және тәуелсіз Қазақстан», Оралдағы Жымпиды ауылында «Сырым жастары» қоғамдық бірлестігі алашордалықтарға арнап дөңгелек үстел өткізеді. Сондай-ақ аптаның соңына қрай Қарағанды  қаласында таяуда Алаш арыстарына арнап кеш өтіп артынан ас беріледі деп жоспарлануда. Өңірлердегі бұл ігі шараларды ұйымдастыруға ұйтқы болып отырған Нұр Отан партиясының жастар қанаты екенін айта кеткен жөн.

Осыған қарап Алаш апталығының жалпыұлттық сипат алып келе жатқанын байқаймыз. Бұл келер жылы Алашорда ұлттық үкіметтің 95 жылдығын дайындық деп есептесек жаңылыспайтын шығармыз.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1554
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3348
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6217