Нұрлыбай Қошаманұлы. «Ішкі Саясат Департаментіне» партиялар есеп беруге тиісті емес
(Сайлауға қатыстатын саяси ағымдардың назарына)
Соңғы жылдары аймақтарда жергілікті саяси ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен өзара түсіністікте, іс-қимыл үйлестіру принциптеріне сәйкес «жұмыс жасайтын өкілеттік» деген желеумен атқарушы билік жанынан жаңа бір «Ішкі Саясат Департаменті» атты орган құрылғаны белгілі. Дәлірек айтсақ әкімшілік биліктің мүддесін көздейтін тетігі секілді бірдеңе. Олардың ісі халықтық бақылаудан тыс. Солай бола тұра, сайлау басталысымен олар қоғамдық бірлестіктер мен партияларды өздеріне есеп беруге міндеттейді. Олар жергілікті жердегі саяси ұйымдардан: біз құрамдарыңда қанша партия мүшелері мен бастауыш ұйымдарыңыз барлығы жөнінде, алдағы жұмыс жоспарларыңыз бен істеріңіз жөнінде білуге тиістіміз, тіптен аудандарға шығатын іссапарларыңыз туралы біздерге ақпар беріп отыруларыңыз керек деулерін қояр емес. Алдын ала барлығын біліп алған соң өткен сайлауларда осы орган тарапынан аймақтағы партия белсенділеріне, оның қарапайым мүшелеріне (ауыл, аудан орталықтарындағы) қысым жасау фактілері де орын алғаны белгілі.
(Сайлауға қатыстатын саяси ағымдардың назарына)
Соңғы жылдары аймақтарда жергілікті саяси ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен өзара түсіністікте, іс-қимыл үйлестіру принциптеріне сәйкес «жұмыс жасайтын өкілеттік» деген желеумен атқарушы билік жанынан жаңа бір «Ішкі Саясат Департаменті» атты орган құрылғаны белгілі. Дәлірек айтсақ әкімшілік биліктің мүддесін көздейтін тетігі секілді бірдеңе. Олардың ісі халықтық бақылаудан тыс. Солай бола тұра, сайлау басталысымен олар қоғамдық бірлестіктер мен партияларды өздеріне есеп беруге міндеттейді. Олар жергілікті жердегі саяси ұйымдардан: біз құрамдарыңда қанша партия мүшелері мен бастауыш ұйымдарыңыз барлығы жөнінде, алдағы жұмыс жоспарларыңыз бен істеріңіз жөнінде білуге тиістіміз, тіптен аудандарға шығатын іссапарларыңыз туралы біздерге ақпар беріп отыруларыңыз керек деулерін қояр емес. Алдын ала барлығын біліп алған соң өткен сайлауларда осы орган тарапынан аймақтағы партия белсенділеріне, оның қарапайым мүшелеріне (ауыл, аудан орталықтарындағы) қысым жасау фактілері де орын алғаны белгілі.
Мемлекеттік органдардың саяси партиялардың істеріне заңсыз араласуына болмайтындығын ескерсек, керісінше әкімшілік жүйе ішінен құрылған «Ішкі Саясат Департаменттерінің» қолымен саяси партиялар мен қозғалыстарының жұмыстарына араласып, елдегі демократиялық қадамдарға, оның принциптеріне тежеу болуда. Аталмыш орган бүгінде барлық деңгейде «Нұр-Отан» партиясының сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруды бастап та кетті. «Нұр-Отан» партиясының барлық сайлау алды жұмыстары осы ІСД-нің араласуымен атқарылуда. Әкімдер осы ІСД-ің қолымен саясат жүргізуде. Оппозициялық ағымдардың белсенділері туралы бар деректі қолына алған соң сайлау жақындаған кезде азаматтарға қысымшылық жасау, көнбесе жұмыстан шығартып жіберу, адамдарды бірін-біріне аңдыту жолымен баяғы НКВД-ның тыңшылары секілді досье жинау олардың күнделікті жұмыстарына айналған. Бұрынғы сайлауларда осылай болған, алдағы мәслихат сайлауында да осы жайлар сөзсіз қайталанады.
Енді осы мекеменің қысқаша тарихына тоқтала кетейік. Біз кезінде осы орган атына бірге жұмыс жасау бағытында саяси ағымдармен қосылып облыста әкімшіліктен тыс, тәуелсіз «Тұрақты Кеңесу Орталығын» (ПДС) құру идеясымен шыққан болатынбыз. Олардың берген жауабында: «...настоящее время работа данных органов в достаточной мере охватывает и освещает важные социально значимые проблемы области» - деп (№4-07-426; 06.05.2003), бұл жұмысты Ақтөбе облысы «ішкі саясат департаментінің» атқаруының жеткілікті екенін айтып, өкінішке орай, тәуелсіз тұрақты кеңестің құрылуына ынталы еместігін білдірді. Олар қазір де саяси ағымдарды тек әкімшілік үстелінің айналасына ғана жинап алып, белгілі бір әдептің айналасынан шықпау керектігін айтып ескертуге, қажет болса сілкілеп алуға ғана әдеттенген. Өздері басқа қоғамдық ұйымдар алдында жауап бермейді, бірақ өзгеден талап етеді.
Осы Ішкі саясат департаменті - қоғамдық ұйым ба, партиялармен тең дәрежедегі кеңесу орталығы ма, әлде бәріне басшылық жасайтын мемлекеттік мекеме ме? Жоғарыдағыдай бұйрық әдетін қоймағасын біз бұл органның қызмет ету формасының қандайлығын, онымен партиялардың жұмыс істеу құқығының, байланысының қалай белгіленгенін білгіміз келіп, демократиялық ұйым атынан олардың жарғысын сұраған да едік. Керісінше, кез келген партиялар мен қоғамдық ұйымдардың Жарғысы мен Бағдарламасы олардың алдарында жатыр. Сонда олардың берген жауабы былай болды: «Облысымызда қоғамдық ұйымдардың көптігіне (ресми мәліметтер бойынша-878) байланысты аталған Ереженің көшірмесін беруге мүмкін еместігін хабарлаймыз» - деді. Қоғамдық ұйымдармен жұмыс жасаймыз дей жүріп, өздері айтқандай олардың «көптігінен» қорқақтайтын, құжатын айналасынан құпия ұстайтын, ашық жұмыс жасаудан қашатын неғылған департамент сонда бұл?
Олай болса қандайлығы белгісіз бұл органға саяси партиялар өз жұмыстары жөнінде неліктен есеп берулері керек? Біздің қойған және бір сұрағымызға осы органның маманы: «Бізге барлық партиялар есеп береді, сіздер де есеп берулеріңіз керек, Ал, құжат жөнінде мен білмеймін сіздерге ештеңе бере алмаймыз, бізді құрған Президент, содан сұра, болмаса бұл жөнінде заңгеріміз бар сонымен сөйлесіңіз» - деп, жайдақ сөйлеп, шығарып салған еді. Тіптен, құжатының бар, жоғын білмегені былай тұрсын, өз саласының қалай құрылғаны туралы да ештеңе айта алмады. Маманның жауабынан түсінгеніміз: «ІСД-тінің қызметі қоғамдық бірлестік не саяси партия ретінде де республиканың «Қоғамдық бірлестіктер туралы Заң» ауқымына да кірмейді екен. Оларға заңды (юридическое) саяси ұйым ретінде қай құрылтайы не съезі өкілеттік берген? Қоғамдық бірлестік ретінде Әділет Департаментінде тіркелген бе? Ол жағы да белгісіз? Қазір де өзгерген ештеңе жоқ.
Ендеше, айтарымыз мынау: ешбір саяси партиялар олардың нендей ұйым екені айқындалмайынша, «ІСД»-не есеп берулері тиіс емес. Кез келген партиялар мен қоғамдық қозғалыстар «ҚР-сының қоғамдық бірлестіктер туралы Заңы» аясында жұмыс жасайды. Олардың іс-қимылдарының шегі, бұрысы мен дұрысы да заңмен белгіленген. Заңнан тыс кетсе оған төрелік айтушы да «ІСД-ті емес, заң органдары (әділет департаменті, прокуратура, сот) ғана. Партиялардың ішкі жұмыстарының қаншалықты заңға сай екенін тексеретін де, олардың құжаттарына сұрау салатын да солар. Демек, ІСД-нің саяси партиялардан ақпар, есеп сұрауы, олардың іс-әрекетіне төрелік айтуға тырысулары барып тұрған қараулық. Сырт көзге заңды жолдармен жұмыс жасап отырған сияқты көрінгенімен, олардың басқа қоғамдық ұйымдарға көрсетіп отырған істері - заңнан тыс.
Конституциялық, қоғамдық бірлестіктердің баптарына қайшы келетін іс-әрекеттерге барып отырған бұл орган, бүгінде сол аймақтағы заңды тұлғалардың, саяси ағымдардың жұмыстарына бақылау жасап, реттеп отырғысы келеді. Атқарушы органның құқықтық қызметі, қоғамдық ұйымдармен байланысы Заңмен белгіленгенін ескерсек, барлық жердегі облыстық, қалалық және аудандық әкімшіліктер жанынан құрылған «Ішкі Саясат Департаменті» деген орган Қазақстан Республикасының «Ата Заңында» да қаралмаған. Әкімшілік ішінен шыққан бұл шіңкілдектер сол әкімшілік тарапынан қаржыландырылып отыр. Мұндай мемлекеттік органның өздерінің қызметін «Заңмен» айқындап алмайынша белгілі бір партияны ашық қолдауына да, екінші бір партиялардың ішкі жұмыстарына араласуына да құқы жоқ! Атқарушы биліктің бюджет қаржысы есебінен «ІСД»-ті сияқты мекеме ұстауы, оның қолымен қоғамдық бірлестіктердің жұмысына араласуы ҚР-сының Заңдарына қайшы.
Бұл халықтың сенімінен шыққан орган. Бұл орган партия да, қоғамдық ұйым да емес таза әкімшілік орган. Егер аймақтардағы әкімшіліктің жанындағы «ІСД»-ттерінің белгілі бір құқы болса, онда оның іс-әрекеті тек қана әкімшілік аппараттарының өзара ішкі қатынастарымен айқындалуы тиіс демекпін. Тағы да қайталап айтамын, бұл биліктің қалтасынан қаржыландырылып отырған субъект. Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына еркі бар, бірақ саяси партиялармен жұмыс жасағысы келсе, онда өзара қатынас тек қана кеңесу негізінде ғана болуы тиіс. Оның шеңберінен шығып, өз қызметін асыра пайдаланып, бұйрық әдіспен өзгеге таңуға ешқандай құқықтық негіз жоқ. Бұл жөнінде бұған дейін де ақпарат беттерінде жазып ескерткен едік. Қазақстандық саяси ағымдардың қайтара қаперіне саламыз. Алда сайлау келе жатыр, биліктің алдауына сеніп, сұрағанын беріп, тағы да құрығына ілігіп жүрмейік.
Ақтөбе қаласы
«Абай-ақпарат»