Бүгінгі заманның Зайсаны
Шығыс Қазақстан облысындағы шағын Зайсан қаласы биылғы жаздың соңында біз барған кезде тал бойында міні жоқ таранған тотыдай болып ерекше құлпырып, жайнап, жасанып тұр екен. Көшелері ақ балтырлы қайыңдар мен тал-терекке малынып, бақтары қызыл, сары гүлдермен құлпырған. Үйлерінің қақпалары тегіс сырланып, әктелген. Көше жиегіндегі арықтармен сылдырап су ағып жатты. (Көше бойымен сылдырап су ағатын қаланы қойып, ауылды көрмегелі қай заман).
Осы көрініс бізді әдемі әсерге бөледі. Қасымыздағы Андрей атты семейлік жүргізуші жігіт «япырай, неткен тазалық, неткен тамаша көрініс» деп таңданысын жасыра алмай жан- жағына қарап, қайта-қайта тамсана берді.
Шындығын айтқанда, қалаға бұрын талай келіп жүргенімізде дәл осындай әсерге бөленбеген едік. Зайсан бір күнде салынған жоқ, оның 150 жылдық тарихы бар. Ендеше бар мәселе барды қадірлей білуде, туған қала мен өлкені аялай білуде тұр екен ғой. Осы үшін де аудан әкімі білікті басшы, «Құрмет» орденінің иегері Серік Зайнулдинге үлкен рахмет айтуға болар. Серік Зинабекұлы Елбасының саясатын жергілікті жерде барынша дұрыс түсініп, соны жүзеге асырып келе жатқан әкімдердің бірі.

- Бізге облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қала құрылысы, оны көгалдандыру, абаттандыру мәселесімен белсене шұғылдану жөнінде тапсырма беріп, оны өз қадағалауына алды. «Жол картасы» аясында қаржы да бөлінді. Игере білгенге қазіргі күні ақша бар. Сондықтан елді мекендерді көркейту, абаттандырумен тек Зайсан ауданы ғана емес, облыстың барлық аудандары мен қалалар белсенді түрде шұғылдануда, - дейді Серік Зинабекұлы.
Еліміздің шығыстағы қақпасы атанған шағын Зайсан қаласының келбетінде осыдан ғасыр бұрынғы көне өмірдің көркем белгілері мен ел Тәуелсіздігінің 20 жылында қол жеткізген жетістіктеріміздің жарқын көріністері әдемі үйлесімін тапқан. Мына суреттердегі ою-өрнекті ескі ғимараттар патша заманындағы көпестер мен саудагерлер Смағұл Манапов, Ахмади Тоқсанбаев, Сағдолда Әбілханов, Жүсіп Әбілханов, Халел Ерзин, Керәмберді Бабаев, Тухфатолла Бекчентаев, Мәулет Шамсутдинов, Пидахмет Бобкиндердің салып кеткен үйлері және қазіргі зайсандық кәсіпкерлер Болат Нұрасылов, Қуат Әбжанов, Аэлита Әбішева, Қаһарман Сәтбаев, Марат Әбижанов, Жекен Кәрібаев, Еркін Тойбазаров, Орал Мұхаметжанов, Айдар Барысов, Ербол Келгенбаев және басқалардың тұрғызған сауда, қызмет көрсету және өндірістік орындары мен тұрғын үйлері.
Зайсан ауданы үстіміздегі жылды табысты қорытындыламақ. Соның ішінде негізгі сала ауыл шаруашылығында өткен сегіз айдың ішінде ғана 5 млрд. 800 млн. теңгенің өнімдері өндіріліп, өнім көлемі өткен жылғыдан 10 пайызға арта түсіпті. Барлық қаржы көздерінен 397 млн. теңге инвестиция тартылыпты.
Ал өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,5 еседей өсті. Мұның өзі Зайсанда индустрияландырудың белсенді сипат алғанын білдіреді.
2011 жылдың 1 шілдесіне шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2208 бірлікті құрап, 2010 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 10,3 пайызға өссе, олардан түскен салық 20,9 пайызға артқан. Ал ауданның бөлшек сауда тауар айналымының жалпы көлемі бірінші жартыжылдықта 851,8 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың осы мерзіміндегіден 16,3 пайызға өскен.
Осындай атқарылған істерде аудан орталығы Зайсан қаласының үлесі мол. Қалада тек биылғы жылдың өзінде ғана «Икеп» шаруа қожалығының ұн тарту зауыты, жеке кәсіпкер Ғ.Салбановтың минералды су шығару цехы, жеке кәсіпкер А.Барысовтың сүт өнімдерін шығаратын зауыты, «СМУ-Шығыс» ЖШС-нің құрылысқа қажетті темір-бетон өнімдерін шығаратын комбинаты іске қосылды.
Майқапшағай кеден жолының бойында орналасқан Зайсан ауданы мен қаласы қазіргі күні қарқынды даму үстінде. Қойнауынан көмір мен сланецтің, мұнай мен газдың жеткілікті қоры да табылып отыр. Осыған байланысты ауданға темір жол тарту мәселесі де ойластырылуда.
«Абай-ақпарат»