Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2255 0 пікір 9 Желтоқсан, 2011 сағат 06:46

Жоғарғы соттың бұрынғы судьяы Мәрзия Балтабай беделін қалпына келтіруді үміттенеді

Астана. 9 желтоқсан. ҚазТАГ - Давид Ян. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының (ЖС) экс-судьясы Мәрзия Балтабай өзін заң мен процессуалдық нормаларды бұзу арқылы жұмыстан шығарды деп есептейді және судья беделін қалпына келтіріп, әділдік орнайды деп үміттенеді.

«Әділдік үшін судьяның адал атын қалпына келтіруді күттім, күтемін де. Бұл маған ғана емес, сот жүйесіне де оның тәуелсіздігін нығайту үшін қажет», - деді М.Балтабай ҚазТАГ тілшісінің сұрақтарына жауап бере отырып.

Оның атап көрсетуінше, оны қызметтен босатудың заңдылығы мәселесі құқықтық алаңда тергеу қаулысы алынған сәттен бастап осымен 4 ай бойы шешілмей отыр.

«Сенатқа, жоғарғы сот органына жазғандарым Жоғарғы сотқа, судьялар одағына жолданады, ал олар үнсіз. Ел басшылығының саяси ерігінсіз бұл мәселе шешімін таппайтынын түсіндім», - дейді экс-судья.

М.Балтабай өзін жұмыстан шығару процедурасының бұзылғаны туралы, сондай-ақ, ҚР экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің (ЭҚСЖКА, қаржы полициясы) заң бойынша өз құзырына кірмейтін өкілеттіктерді мойнына алуы туралы сөз болып отыр.

Экс-судья қаржы полициясының тергеушісі оның әрекеттерінен жемқорлық қылмыстың құрамы, әкімшілік құқық бұзушылық пен тәртіптік жемқорлық олқылық құрамының жоқтығын ресми мойындағанымен, судьялар этикасының нормалары бұзылғаны туралы қаулыны талап етіп отыр. Осыған байланысты ол сотқа жүгінген, ал сот бұрынғы судья серзімді өткізіп алған деп есептеді.

М.Балтабайдың пікірінше, тергеу нұсқаған бұзушылық бірден қызметтен босатуға және өкілеттіктерді тоқтатуға алып келе алмайды. Бұл мәселені судьялар одағының судьялар этикасы жөніндегі комиссия ғана қарайды.

«ЖС төрағасы конституциялық заңның 33 бабының 1 тармағының 3-1 кіші тармақтарын басшылыққа алып отырып, менің өкілеттіктерімді республикалық тәртіптік-квалификациялық судьялар алқасының шешімінің негізінде тоқтата тұруға тиіс болатын. Тергеу (ЭҚСЖКА) менің кінәмді анықтаса, судьялардың мәртебесі туралы заңның 34 бабының 2 тармағына сәйкес, мені қызметтен босатуға болатын еді. Бірақ тергеу менің кінәмді анықтай алмады, демек заңның 33 бабының 3 тармағына сәйкес, судьяның өкілеттіктері қалпына келтіріледі. Алайда мені қызметтен босату кезінде Конституция баптары мен заң талаптары сақталған жоқ», - деді М.Балтабай.

«Іс жүзінде маған  отырыс туралы хабарлаған жоқ, осыған байланысты мен қатысқан жоқпын, олар талқылаған мәселені әлі білмеймін, өйткені маған қаулының көшірмесі келген жоқ, мен оны көрген жоқпын», - деді ол.

Сонымен бірге, ол оны босату мәселесі қаралған сенаттың отырысына да қатыспағанын айтты, ол кезде операциядан кейін ауруханада жатқан. Осыған қарамастан,  сенат оның қатысуынсыз өз қаулысымен оны «судьяға қойылатын талаптарды орындамағанына байланысты» ҚР ЖС судьясы қызметінен босатқан. Бірақ сенаттың шешімінде оның судьялардың мәртебесі туралы заңның 28 бабының қай тармағын бұзғаны көрсетілмеген.

М.Балтабай «айыптыларды іздеп, оларды моральдық немесе материалдық түрде жазаламақ ойы жоқ» екенін айтып отыр.

Мұның алдында хабарланғандай, сәуір айының ортасында ҚР президентінің ұсынысымен және сенат депутаттарының мақұлдауымен Қазақстанның Жоғарғы сотының 6 судьясы қызметтерінен босатылған.

Қызметтерінен босатылғандардың тізімінде Алмас Ташенова, Сәулебек Жәкішев, Қамлен Қамназаров, Мәрзия Балтабай, Бақытжан Жақыпов, Мақсұт Әбілхайыр болды.

Президент әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусиннің айтуынша, «бұл лауазымды тұлғалар заңның судьяларға қоятын талаптарын сақтамауға жол берген». «Қаржы полициясы ұсынған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қаржы полициясының ұсынысын қарап, жоғарғы сот кеңесінің ұсынысын ескере отырып, мемлекет басшысы Жоғарғы соттың келесі судьяларын қызметтерінен босату туралы ұсыныс түсірді», - деді ол.

Кейін ҚР ЖС азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрайымы А. Тәшеноваға және ҚР ЖС судьясы С. Жәкішевке қатысты қылмыстық істер қозғалып, олар қамауға алынды, олардың ісі қазір сотта жатыр.

Қалған 4 судьяға қатысты қылмыстың құрамы жоқтығы себепті қылмыстық іс қозғаудан бас тартылды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5500