Сенбі, 23 Қараша 2024
3383 1 пікір 14 Тамыз, 2020 сағат 15:37

Бас санитар дәрігер көпшілік алдында кешірім сұрады

Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерғали Сыдыманов айтқан сөздері үшін көпшілік алдында кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ерғали Сыдыманов Instagram-да Талдықорған әкімінің баспасөз хатшысы Нұр Қанатұлымен болған тікелей эфирде мәлімдеме жасады.

«Шынымен бір жерде шалыс бассам, тағы да кешірім сұраймын. Қалай болғанда да, мен халықтың ұлымын және өзімді әрқашан осы халықтың бір бөлігі ретінде санадым. Менің қатемнен кейін әріптестерім мен басқа мемлекеттік орган басшылары осы жағдайды назарға алып, сөйлер алдында ойланады деп ойлаймын», - деді Ерғали Сыдыманов.

Еске салайық, Ерғали Сыдыманов өзінің алғашқы жұмыс күнінде Талдықорған тұрғындарымен кездескен болатын. Шенеуніктің айтқан дөрекі сөзін тұрғындар видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялаған еді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5536