Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2476 0 пікір 9 Желтоқсан, 2011 сағат 09:20

Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ. Желтоқсан – тарихымыздың бөлінбес бөлшегі

Кеше Алматы қаласының әкімшілігі, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Алматы қалалық филиалы, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты, Жоғары оқу орындары қауымдастығының ұйымдастыруымен еліміз Тәуелсіздігінің 20 жылдығы және 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 25 жыл толуына арналған «Қазақ көтерілістері және азаттық мұраты» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Биыл - Тәуелсіздігімізге 20 жыл. Әрине, бостандыққа қол жеткізу оңай болған жоқ. 1731 жылы Ресейге бодан болғаннан, кешегі егемен ел атанған 1991 жылға дейін отарлау саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілістер тоқтаған жоқ. Иісі қазақтың арман-мақсаты болған егемендікке жету үшін, қазақ «мың өліп, мың тірілді». Соқтықпалы, соқпақты жолдан өтті. Тар жол, тайғақ кешуде, ұлттың жартысы қырылды. Бірақ өз-өзін жоғалтқан жоқ. Түбі ата-бабамыздың асыл арманы болған тәуелсіздікке қол жеткізді. Десек те, өткенімізді түгендемей, болашаққа бағдар жасай алмайтынымыз хақ. Осы орайда, азаттықтың ақ таңына жеткендегі жолымыздың айшығын айқындап, жоғымызды түгендеп, барымызды тағы бір мәрте саралауды көздеген тарихшыларымыздың дөңгелек үстелде тілге тиек еткен мәселелері ұлт рухын көтеретін маңызды шараға айналды.

Талас ОМАРБЕКОВ, тарих ғылымдарының докторы, профессор:
- Нақты деректерге көз жүгіртсек, Сталиндік тоталитарлық жүйенің күштеу саясатына қарсы қазақтар 372 рет көтеріліске шыққан. Бұл арғы заман емес, 30-жылдардың тұсында. Бұған 80 мыңға жуық адам қатысқан. Бұл ірілі-уақты көтерілістер бір орталықтан басқарылған жоқ. Әркім өз халдерінше қимылдады. Бірақ барлық көтерілістің мақсаты - азаттық алу үшін еді. Қазір өткенді зерделеп отырсақ, сол көтерілістердің күңгірт жағы көп. Ол - сол дүмпулерді ұйымдастырған басшыларды ешкім біле бермейді. Біздің мақсатымыз - солардың аты-жөндерін жарыққа шығарып, жұртқа таныту. Жас ұрпақтың жадына сіңіріп, тәрбиелеу. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы соның заңды жалғасы. Қазақ халқының қай көтерілісінің астарына үңілме, барлығы тәуелсіз ел болу үшін жанталасудың қаракеті.

Берекет КӘРІБАЕВ, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры:
- Қазақстан тарихында XVІІІ ғасырдың 30-жылдарынан бастап жаңа кезеңнің немесе дәуірдің басталатыны белгілі. Оның ең басты белгісіне Ресей империясының қазақ жеріндегі отарлау саясатының күшейе түсуі жатады. Сол ғасырдың ортасынан XX ғасырдың басына дейінгі қазақ елінің тарихи жолына жіті назар аударсақ, айрықша байқалатын бірнеше құбылыстарды көреміз. Олардың қатарына бірнеше ғасыр бойы қазақ қоғамының саяси қондырмасы болып келген - қазақ мемлекеттілігінің бірте-бірте әлсіреп жойылуын; Ресейдің Кіші жүз бен Орта жүздің аумақтарында әскери отарлау саясатының кең қанат жайып, күшеюі мен толықтай орнауын; сондай-ақ экономикалық, әлеуметтік, рухани, мәдени сипаттағы отарлау саясатының жүргізілуін, ғасырлар бойы қазақ жерінде дамып келген қоғамдық қатынастардың өзгерістерге түсуін; отарлық қанауға қарсылық ретінде қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалыстарының жандана түсуін және тағы басқа осындай сипаттағы құбылыстарды жатқызуға болады. Осы көрсетілген құбылыстар ішінде отаршылдыққа қарсы болған күрестердің, ұлт-азаттық қозғалыстардың халқымыздың тарихында алар орны өте ерекше.

Қайым-Мұнар ТАБЕЙ, қоғам қайраткері, Желтоқсан оқиғасына байланысты төрт кітап шығарған жазушы:
- Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі империяның құрсауында шынжыр боп шырмалған, бұғау боп күрмелген қазақ халқының езгіге қарсы үздіксіз күресінің заңды жалғасы болып табылады. Бабаларымыз:
«Еділді келіп алғаны,
Етекке қолды салғаны,
Жайықты келіп алғаны,
Жағаға қолды салғаны, - дейтін зар заманнан басталған талайлы тағдырының, арман-мақсатының, күрсінісі мен күңіренісінің бар болмысын танытатын қайсар өрлігінің жалғасы.

Өкінішке қарай, жасындай жарқ еткен осынау Желтоқсан көтерілісі уақыт қойнауына сіңіп, алыстап бара жатса да саяси-тарихи тұрғыдан әлі де болса жан-жақты сараланбағаны рас. Бұл туралы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» атты кітабында былай деп жазылған: «...Күнделікті күйбеңмен жүріп, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын толық дәрежеде бағалап үлгерген жоқпыз».
Иә, әділ айтылған тұжырым деп білеміз. Өйткені қасиетті Желтоқсан - біздің тарихымыздың бөлінбес бөлшегі. Оны білу, зерттеу, қастерлеу -бәріміздің парызымыз. Жалпы, сол уақытта 33 мың адам жапа шекті. Өкініштісі, соның бәрі толың ақталды дей алмаймын. Мәселен, 1991 жылдың желтоқсан айының 12 күні Президентіміздің «Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсанның 17-18-дегі оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды ақтау туралы» Жарлығы жарық көрді. Жөн. Бір өкініштісі, осы Жарлықтың 2-бабында: «милиция қызметкерлерінің, халық жасақшыларының өміріне қатер төндіргені үшін сотталғандарға қолданылмайды» делінген. Осы бап көп нәрсеге бөгет болып тұр. Жарлық тәуелсіздік алмай тұрып жарық көрді. Қазір тәуелсіз елміз. Сондықтан осы Жарлықтағы аталған бапты алып тастасақ, Желтоқсан оқиғасында жапа шеккендер толығымен ақталар еді. Осыны ескергеніміз жөн. Иә, тәуелсіздік - қазаққа бұйырған үлкен сый болды. Тек осының қадір-қасиетін терең сезініп, оны қорғау үшін барымызды салуға тиіспіз. Алқалы жиында айтылған ұлағатты пікірлер осыны айғақтайды.

Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ

http://www.aikyn.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5499