Мұхтар Шерім. Білі-білі-білі!..
Сізге өтірік, маған шын, сіз сенбейсіз, мен сенемін, Астанада «Ө» әрпіне ені екі метр, биіктігі бес метр, елді елең еткізетін ескерткіштің ашылу салтанаты өтіп жатты. Билік есімді шенеунік шірене қалып:
- «Ө» әрпіне не себепті ескерткіш ашып отырмыз? Немене, қолымыз қышып барады ма, әлде ақшаны қайда жұмсарымызды білмей, алақанымыз ысып барады ма? Кім айтады?-деген сауал тастады. Жиналғандар жүн түтіп тұрғандай, жым-жырт.
- Мен білемін, мен айтайыншы?-деп сұрады 2011 жылғы Қоян министр қолын көтеріп.
- Ауыз өзіңіздікі, айта беріңіз,-деді Билік жөтеліп.
-«Ө» әрпіне ескерткіш орнатуымыздың себебі, қазақ әрпіне деген құрметіміз. Орыстың «мягки-и-и знагына» ескерткіш қойып отырған жоқпыз ғой...
- Мен білемін,-деді бір кезде шарша-ап отырған Шындық.
- Айтыңыз, айтыңыз да, үйіңізге қайтыңыз...
- Еліміздің билігі «Ө» әрпінен басталатын Өтірікке ескерткіш қойып отыр. Өтірік ақпарат. Өтірік өмір, халықты алдау...
- Жоқ!-деп қалды Билік,-біз халыққа өтірік айтпау үшін Өтірікке ескерткіш қойып отырмыз. Өтірікке ескерткіш қою арқылы «Өтіріктің аты-өтірік!» деген ойды меңзеп отырмыз.
-Былай тұрыңыздаршы, мен де көрейінші,- деген жер астынан дауыс шыққандай болды. Бұрынғы жыл- Барыстар да, 2011 жыл Қояндары да жалт қарасты. Жер бауырлап Ұлу келе жатыр еді.

- Сіз кімсіз өзі?-деп қалды Қоян қыз қылымсып.
- Ұлумын.
- Куәлігіңіз бар ма?-деп сұрады полицей Қоян.
Ұлу куәлігін көрсетіп еді, онда: «2012 жыл қожайыны Ұлу мырзаға берілді» деп жазылған екен. Қоян полицей талып қалды. Қоян қыздың әкесі де қызына: «абайлап сөлемейсің бе?» деп жағына салып қалды... Биліктің де дегбірі қашып, қатты сасып, аузын ашып, «А-ассалаумағалейкум,Ұлу жылы! Хош келдіңіз, төрлетіңіз!»-деп құрақ ұшты. Жүгіріп келіп, Ұлуды жерден көтеріп алып, алақанына салып, жылы лебімен үрлеп, аялап, жағымпаздана:
- Былай тұрыңыздар, Ұлу келе жатыр! Ұлу! Мыжып кетесіздер ғой!-деді. Ұлу жерге түсіп, ескерткішке ұзақ қарады.
- Бұл немене?-деп сұрады сосын.
-Бұл ма? Бұл...-деп міңгірледі Билік,-жәй әшейін, ескерткішке ескерткіш қой...
- Менің жылымда да Билік өтірік айтатын болғаны ма?-деп Ұлу мырза күрсініп қалды.
- Саясатта да өтірік!-деп шыңғырды Шындық,-Демократияны әдейі «зейнеткерлікке» шығарғандарын жасырып отыр, жемқорлар «жемқорлықпен күресіп», көп шенеунік қулық-сұмдықтарын асырып отыр...
- Біз сізді тәуелсіздігіміздің жиырма жылдығы мерекесі құрметіне бір камаз медаль, екі вагон ордендермен марапаттаймыз!-деп жалпақтады Билік. Қасындағы көмекшісіне ым қағып еді, Өтірік ескерткіші жанына екі камаз медальдар мен ордендер төгілді.
- Бұл не?-деп сұрады Ұлу.
- Бәрі сіздікі...
- Қазақ жастары тәуелсіздік үшін желтоқсан көтерілісін бастағанын білесіз.. 1986 жыл қазақша қай жыл?
- Ит...шошқа.. доңыз...-деп міңгірледі Билік.
- Барыс!-деп дауыстады Шындық.
- Мына ордендерді Барыстарға тарату керек еді!-деген ұлу Биліктің шекесіне сұқ саусағымен «тоқ-тоқ» еткізді. Билік бұл әрекетке намыстанған жоқ, қайта «Мені көрдіңіздер ме? Анау- мынау емес, Ұлу шекеме шертті» дегендей ісіп-кеуіп тұрды. Қатты ісініп кетсе керек, тұрған жерінде «тарс!» етіп жарылып кетті. Бұрынғы тарап кеткен қоян жүрек депутаттар қорыққандарынан қол шапалақтады... Жұрт:«Жасасын Ұлу жылы! Ұлу-жылында тек шындық жасасын! Ұлу Нобель сыйлығына ұсынылсын!»- деп шулап жатты. Шындық та қуана қол шапалақтап тұрған, манағы қоян полицей ақырын келіп, оның бүйіріне екі жүзді пышақты тығып алды... Сөйтті де, түк болмағандай сәбізін «қырт-қырт» жеп тұра берді. Жұрттан бөлек шығып, Шындық кетіп бара жатты, қаны жерге тамшылап... Бұрылып қарап еді, биік тұғырда тұрған Өтіріктің ескерткіші тілін шығарып: «білі-білі-білі!»-деді мазақтап...
«Абай-ақпарат»