Марат Тоқтамысов. Қазақ журналистері бәйгеге лайық емес!
Астанада қазақстандық «Бас редакторлар клубы» 2011 жылдың үздік журналистерін марапттады. Қызығы, отандық бас редакторлардың шешімі бойынша жүлдеге ілінгендер қатарында бірде бір қазақ тілді ақпарат құралы жоқ. Мәселен, республикаға танымал бас редактор номинациясында Central Asia Monitor газетінің бас редакторы, орыс тілді Бигелді Ғабдуллин жеңімпаз болса, «Время» газетінің тілшісі Геннадий Бендицкий «Танымал журналист» атанды. Шымкент қаласындағы «Отырар» телеарнасының бас редакторы (бас редактор журналист ретінде сюжет жасамайды, мәтін жазбайды т.б.) Зәуре Оралбаева танымал редактор атанып отыр.
Аймақтық баспасөздегі жүлдені иеленген «Қазақстан» арнасының Оралдағы тілшісі Данияр Рамазанов. Оған да шүкір! Сонымен, марапатталғандар қатарында ешқандай қазақ тілді басылымның жоқтығы, жеңімпаз атанғандар бас редакторлар мен құрылтайшылар екенін ескерсек, сонда «Журналистердің үздігі» қалай іріктелген деген сұрақ туады.
Бұл туралы ақпаратты іздеп «Бас редакторлар Клубының» сайтына еніп едім, қазақша бөлім ашылмайды. Орысшасы сайрап тұр.

Осылайша, Ақпарат министрлігінің тендерін жеңіп алып, «Нұр Отан» партиясының ғимаратына қоныс тепкен «Қазақстан Бас Редакторлар Клубының» шешімі бойынша қазақ тілді журналистер де, басылым да жүлдеге лайық деп танылмады. Аталмыш клубтың тізгінін қолына ұстаған танымал бизнесмен Болат Ережепов «БМ» баспасының бас директоры, марапттау рәсімі де Болат Төлегенұлына тиесілі «Белона» мейрамханасында өтті. Шара туралы білмек болып ресторанға келсем, іші-сыртын бас редакторлардың суретімен безендіріп тастаған. Мұнда да орыс тілі өктемдігін жүргізіп тұр.
Бізге бұл клубты «Қазақстан Республикасының Бас редакторлар клубы» дегеннен гөрі «Орыс тілді баспасөз өкілдерінің Клубы» деген дұрыс болар деген ой келді.
«Маса-ақпарат»