Сенбі, 23 Қараша 2024
2612 7 пікір 27 Тамыз, 2020 сағат 12:44

Эмомали Рахмон тағы президент сайлауына түседі

Тәжікстанды 28 жылдан астам уақыт басқарып отырған 67 жастағы Эмомали Рахмон 11 қазанда өтетін президент сайлауына кандидат ретінде түседі.

26 тамызда Тәуелсіз кәсіподақтар федерациясы Рахмонды президент сайлауына үміткер ретінде ұсынды. Федерация мүшелері съезде оның кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.

Бұған дейін Рустам Латифзода (Аграрлық партия), Абдухалим Гаффоров (Социалистік партия), Саидджафар Усмонзода (Демократиялық партия) және Рустам Рахматзода (Экономикалық реформа партиясы) кандидат ретінде тіркелген.

Коммунистік партия мен Халықтық-демократиялық партия кандидаттары қыркүйектің басында белгілі болуы тиіс.

Тәжікстанның социалистік-демократиялық партиясы сайлауға бойкот жариялауы мүмкін. Екі күн бұрын партия лидері Рахматилло Зойиров сайлауға түспейтінін мәлімдеген. Ол "Рахмон президент ретінде ешқандай партияға мүше болмауы тиіс. Елде көп партиялы жүйе қирады, бір партиялы жүйе қалыптасты" деген. Зойиров биылғы сайлауды "заңсыз, Конституцияғы қарсы" деген.

11 қазанда өтетін саяси науқан – тәуелсіз Тәжікстан тарихындағы алтыншы президент сайлауы. Осыған дейінгі бес сайлаудың бәрінде Рахмон жеңген. Ол 2013 жылғы сайлауда 84 пайыз дауыспен жеңіске жеткен.

Ол билікте 28 жыл отыр. Халықаралық ұйымдар мен сарапшылар Рахмон Тәжікстанда билікті сынаушыларды қудалап, адам құқығын бұзды, сөз бостандығы мен діни бостандықты шектеді деп сынайды. Оның балалары мен жақындары биліктегі негізгі қызметтерде отыр. Ұлы Рустам Эмомали – елде сенат спикері ретінде билік иерархиясындағы екінші адам.

Тәжікстанда президент 7 жылға сайланады. Дауыс берушілердің 50 пайызы қатысқан сайлау өтті деп есептеледі.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5339