Қаламгердің «Тартуы»
Жазушы Бейбіт Қойшыбаевтың «Рух БГ» баспасынан жарық көрген «Тарту» атты жаңа жинағының сүйінші-данасы қолға тиді.
Жинаққа автордың Отан тарихынан, Ресей империясындағы революциялық қозғалыспен астаса өрістеген мұсылман, қазақ қозғалыстарынан, Советтік Қазақстанның құрылу кезеңінен биылғы дөңгелек даталарға орай жазған зерттеулері, өзге де маңызды оқиғаларға байланысты мақалалары, сұхбаты, тарихи миниатюралары енген.
Жаңаөзендегі әйгілі қанды оқиғаға байланысты сол шақта дүниеге келген көркем әңгімесі де осында.
Жинақ қаламгердің азаматтық белсенділігін қарастырған белгілі зерттеуші Көлбай Адырбекұлының «Казахское дело»: Бейбіт Қойшыбаев» атты үлкен еңбегімен және жазушының соңғы жылдарда шыққан кітаптарын таныстыратын Балжан Хабдинаның мақалалар топтамасымен аяқталған.
«Тартуды» баспа республиканың 100 жылдық датасына, Ұлы Абайдың 175 жылдығына және автордың 75-ке толатын мерейжасына орай шығарып отыр.
Abai.kz