Жұма, 20 Қыркүйек 2024
2330 0 пікір 15 Тамыз, 2020 сағат 13:19

Мерейтой: Әл-Фараби ескерткіші қайта жөнделді

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы аталып өтуде. Осыған орай Түркістан облысының Отырар ауданында «Даңқты бабалар саяжолы» жөндеуден өткізіліп жатыр.

Он бес жыл бұрын салынған аталған саяжайда Әбу-Насыр әл-Фарабидің еңселі ескерткіші де бар.

Біршама уақыт жөндеу көрмеген саяжолды қалпына келтіру үшін бюджеттен 71,726 миллион теңге қаражат қарастырылған. Бұл ақшаға 48,3 шаршы метр болатын аркалар траветринмен қапталып, жалпы көлемі 524 шаршы метр жер көгалдандырылған.

Сонымен қатар саяжолда 101,5 шаршы метр аумақты алып жатқан Әл-Фарабидің ескерткіші де гранитпен қапталмақ. Одан бөлек ескерткіш маңына орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылып, аяқжолдар салынбақ. Сондай-ақ, жарықшамдар қойылып, сахна қайта түрленетін болады.

Саяжай маңындағы басқа да ескерткіштерді жөндеу жұмыстары жоспарлануда. Мәселен, Отырар ауданындағы «Қасірет» мемориалының жанындағы аллеяға да осындай жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ол жобаға қазынадан 41,750 миллион теңге бөлінген. Ол жерде 315,3 шаршы метр жердегі гранит қаптамалары ауыстырылып, 315,4 шаршы метр жерге аяқжол төсемелері төселуде. Алдағы уақытта аталған нысан маңы көгалдандырылып, жарық шамдар қойылады.

Abai.kz

0 пікір