Сенбі, 23 Қараша 2024
2232 0 пікір 4 Қыркүйек, 2020 сағат 12:11

Н.Нығматулин Мәжілістің Бюро отырысын өткізді

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Мәжіліс бірінші оқылымда депутаттар әзірлеген  Қазақстанның шегінен тыс жерге шығарып жіберу кезінде ұстау мерзімдерін реттеу мәселелеріне қатысты  заң жобасын қарайды.

Сонымен қатар, Палатаның алдағы жалпы отырысында бірқатар ратификациялық заң жобалары талқыланатын болады. Атап айтқанда,  ШЫҰ мүше мемлекеттер арасындағы бірлескен әскери оқу-жаттығулар өткізу туралы, сондай-ақ, Қазақстан мен Люксембург арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімдер бойынша заң жобалары.

Күн тәртібінің жобасында «Нотариат туралы» заң жобасын жұмысқа алу көзделген. Осының қатарында ЕАЭО мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру және Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің Біріккен алқасы туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы құжаттарды ратификациялауға қатысты заң жобалары бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5367