Сейсенбі, 26 Қараша 2024
2298 0 пікір 29 Тамыз, 2020 сағат 11:02

Су жаңа сенаторлар қызметіне кірісті

Күні кеше Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев республикалық маңызы бар үш қала мен 14 облыстың сенаторларына депутат куәлігін табыс етті. Сөйтіп, Сенаттың жаңа депутаттары Орталық сайлау комиссиясына ресми түрде тіркелді.

Ал, куәлік тапсыру рәсімі Орталық сайлау комиссиясының сайтында тікелей эфирде көрсетілген болатын. Жиында сөз алған Берік Имашев жаңа сайланған депутаттарды өкілеттігімен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

«Сіздердің Парламент Сенатының депутаты ретіндегі өкілеттіктеріңіз Орталық сайлау комиссиясына тіркелген сәттен бастап күшіне енеді. Қымбатты депутаттар, құттықтауымды қабыл алыңыздар! Жұмыстарыңыздың жемісті болуын тілеймін!

Бұл науқанды біз пандемия жағдайында өткіздік. Сондықтан да бұл кезең тарихта қалады. Алайда, келесі сайлау мұндай болмайды деп үміттенемін»,- деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы.

Ал, депутат болып қайта сайланған Ольга Перепечина депутат болу арқылы қоғам игілігі мен мемлекетке қызмет етуге даяр екендіктерін айтты.

-Сайлаушылардың мүддесін қорғау және депутат болу – жауапкершілікпен үлкен абыройды қажет етеді. Біз, сайланған Парламент депутаттары, мемлекет пен қоғам игілігі үшін қызмет етуге дайынбыз.

Сонымен қатар, Қазақстан Президентінің жоғары сенімін ақтауға, сайлаушыларымыз бен өз өңірлеріміздің атынан лайықты жұмыс істеуге бар күш-жігерімізді саламыз,- деді Перепечина.

Бұл сайланған депутаттардың 7-еуін мәслихат ұсынса, 9 депутат өзін-өзі ұсынған. Сенат депутаттығына ұсынылған кандидаттардың орташа жасы – 56,7 жас болған. Сайлау комиссиялары аталған ұйымдастырушылық шараларды сайлау заңында көрсетілген барлық талаптарды сақтай отырып жүргізген.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев елімізде 12 тамыз күні өткен Сенат депутаттарының сайлауы жөнінде айтқан болатын. Яғни, қолданыстағы заңнамаға сәйкес республикалық маңызы бар қалалар мен әр облыстан сайланатын 17 сенаторды мәслихат депутаттары сайлайтынына назар аударған еді.

Сонымен қатар аталған жазбада Жоғарғы Палата құрамының бір бөлігі әр үш жыл сайын жаңартылып отыратыны айтылған. Және, Сенатта қоғамның ұлттық мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттігін ескеріп, палатаның 15 депутатын ҚР Президенті тағайындайтыны жөнінде жазылған.

-Сенат заң шығарушы билік жүйесіне сәйкес, еліміздің барлық өңірінің Парламенттегі өкілдігін, Мәжіліс құрамы жаңарған кезеңдегі заңнамалық саясаттың сабақтастығын сонымен қатар заң жобаларын сапалы деңгейде қарастыруды қамтамасыз етеді. Ал, Мәжіліс депутаттарының Қазақстан халқы ассамблеясынан және партиялық тізімдер бойынша сайланатынын назарға алсақ, Сенатта өңір мүдделерінің білдірілуі аса маңызды,- деді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев қабылданған заңдарды сапалы пысықтау заң шығарушы билікті ұйымдастырудың қазіргі жүйесімен астасып жататынын айтты.

-Заң қабылдау жұмыстарының сапасы тұтас елдің тыныс-тіршілігі мен мемлекеттік органдардың нормаларына ықпал етеді. Сондықтан да аталған мәселе терең әрі жан-жақты зерттеліп, заң қабылдау жұмыстары кезең-кезеңмен және қисынды жүргізілуі тиіс.

Себебі, қабылданған әр Заң нақты адамдар мен ондаған мың отбасының тыныс-тіршілігіне тікелей әсер етеді. Бұл тұрғыда Парламент Палаталарының жұмысы заң қабылдау жұмысының мүмкіндігінше теңгерімді әрі тиімді болуына мүмкіндік береді. Сондықтан да Заң әр азаматтың мүддесін ескере отырып қабылдануы тиіс, - деп жазылған.

Әрине, ҚР Президенті ұсынған халықтың әл-ауқатын арттыруға және экономикалық өсуге арналған жаңғырту бағдарын заңнамалық тұрғыдан қаматамасыз етуде депутаттардың рөлі айрықша. Сонымен қатар, коронавирус пандемиясының салдарымен күресу бағытында құқықтық базаны жетілдіру аса маңызды міндет. Алдағы уақытта осы сайланған депутаттар тиісті өкілеттіктерін алған сәттен бастап, жоғарыда көрсетілген стратегиялық міндеттерді орындауға белсене атсалысып, жұмыс істейді деп сенемін,- деген болатын Сенат төрағасы.

Сонымен ҚР Сенатына жаңадан сайланған 17 депутат:

Ақылбек Күрішбаев 

Мәкежанов Сұлтанбек Алмасбекұлына 

Айгүл Қапбарова 

Нұрлан Бекенов

Бауыржан Қаниев   

Сағындық Лұқпанов

Ляззат Рысбекова

Бекболат Орынбеков

Сергей Карплюк

Ақмарал Әлназарова

Сүйіндік Алдашев

Алтынбек Нухұлы

Ольга Перепечина

Әли Бектаев

Ольга Булавкина

Сұлтан Дюсембинов

Сергей Ершов

 Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1536
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019