Ақылбек Шаяхмет. Қазақтың Қажымұқаны
«Жас қазақ үні» газетінде (28.10.2011) күш атасы Қажымұқанның туғанына 140 жыл толуына орай Марал Болатқызының «Ұлы дала алыбы» атты мақаласы жарық көрді. Автор: «Түркияға барған сапарында Мұқан халықтың назарын өзіне аударып, атақты түрік палуаны Нуруллахты жеңеді. Стамбул басшысы Шакир патша оның өнеріне тәнті болып, оны өзімен Мекке, Мәдине қалаларына қажылық сапарға барып қайтуға шақырады. Міне, осы сапардан елге оралғаннан кейін Мұқан «Қажымұқан» деген атқа ие болады» - деп жазады.
«Жас Алаш» газетінде де Қажымұқанның қажы атануы Түркияға барған сапарына байланысты, сол сапарда туысқан түрік жұрты оған қажы атағын берген екен деген секілді әңгіме айтылыпты.
Журналист Еркін Қыдыр да «Фолиант» баспасынан (Астана, 2009 ж.) жарық көрген «Отырар» атты кітабында: «1911 жылы Стамбулда түріктің атақты палуаны Нұрлының жауырынын жерге тигізгені үшін қажы атағы беріліп, Қажымұқан атанады» (194 бет) - деп жазады.
«Жас қазақ үні» газетінде (28.10.2011) күш атасы Қажымұқанның туғанына 140 жыл толуына орай Марал Болатқызының «Ұлы дала алыбы» атты мақаласы жарық көрді. Автор: «Түркияға барған сапарында Мұқан халықтың назарын өзіне аударып, атақты түрік палуаны Нуруллахты жеңеді. Стамбул басшысы Шакир патша оның өнеріне тәнті болып, оны өзімен Мекке, Мәдине қалаларына қажылық сапарға барып қайтуға шақырады. Міне, осы сапардан елге оралғаннан кейін Мұқан «Қажымұқан» деген атқа ие болады» - деп жазады.
«Жас Алаш» газетінде де Қажымұқанның қажы атануы Түркияға барған сапарына байланысты, сол сапарда туысқан түрік жұрты оған қажы атағын берген екен деген секілді әңгіме айтылыпты.
Журналист Еркін Қыдыр да «Фолиант» баспасынан (Астана, 2009 ж.) жарық көрген «Отырар» атты кітабында: «1911 жылы Стамбулда түріктің атақты палуаны Нұрлының жауырынын жерге тигізгені үшін қажы атағы беріліп, Қажымұқан атанады» (194 бет) - деп жазады.
Осындай күмәнді деректер енді Интернеттегі толып жатқан сайттардан да орын алып отыр. Осындай деректерге кісі сене ме?! Қажы берілетін атақ емес, мұсылманшылықтың бесінші парызын өтеп келгендерге айтылатын қосымша ат қана. Осыған орай тағы бір ойға оралған ойымды бөлісе кетейін. Қазіргі уақытта қажылар көбейді. Ол да жақсылықтың белгісі шығар. Алайда, солардың кейбіреуі қажылыққа бес рет, жеті рет барып, соны мақтан көреді. Газетке мақала жаза қалса, есіміне қажы деген сөзді жалғайды. Қажы деп адамның өзі емес, маңайындағы кісілер айтса құба-құп.
Қажымұқан туралы біз кезінде Қостанай өңірінде аты жайылған қарт ақын Өтеміс Қалабаевтан біраз әңгіме естіген едік.
Қажымұқан Қараөткелде туды деп жазған Сәбит Мұқанов «Халық мұрасы» кітабында (С.Мұқанов. 15 том.): «Кейбір бай қазақтар егіншілікпен де шұғылданып, жүздеген десятина егін еккен. Мысалы, Қостанай уезінде Смайыл Жаманшалов деген помещик болды. Патша үкіметіне жаққан кей қазақ байларына дворян атағы, кең және құнарлы егістік жерлер берілген» - деп жазған еді.
Осы Смайыл болыстың жанында көп жүрген халыққа қадірлі кісілердің бірі атақты Сүйірқұл молда. Бұл кісінің «Қара дәптеріне» түскен Серәлі Еруәліұлының «Сұлуағаш», «Жаманқара Жантілес балаларының ата қонысын жоқтауы» өткен күндерді кез алдымызға айнытпай алып келсе, оның Жаманшал баласы Смайылға өлеңмен жазған хаты да тарихтың бізге қалдырған аманаты.
Осынау тарихи жәдігерді осы күнге жеткізіп, ет желінген жерде жыртылып, қолға сүртіліп кете жаздағанда аман алып қалып, аман алып қана қоймай, араб әрпінен қазіргі әліп-биімізге түсірген Өтеміс ақсақал ескі әңгімелер мен би-шешендердің сөздерін жинастырып жүретін. Сол әңгімелерінің бірінде күш атасы Қажымұқанның қалай қажы атанғанын да айтып берген.
Қостанай жерінде, қалың Қыпшақ елінде Қарабалық өңірінде Смайыл Жаманшалов деген болыс болған. Атақты адвокат Плеваконың өзімен тамыр, дос болған Смайыл болыс Романовтардың 300 жылдық тойына қатысқан санаулы байлардың бірі. Смайыл болыс та Меккеге қажылыққа барып келген. Сол кездері Мұқан балуан іргедегі Троицк қаласына келіп, палуандар күресіне қатысып жүреді екен. Смайыл болыс палуанды үйіне ертіп әкеліп, қонақ қылып, өзінің туған шешесін Мұқан палуанға қосып, қажылыққа жіберген. Бұл сапардың алдында екеуін некелеп, имандылық жолына аттандырған. Олар аман-есен ауылдарына оралғаннан кейін біреуі Қажы ана, екіншісі Қажымұқан атанған.
Сүйірқұл молданың Смайылдың шешесі қажы анаға арналған жыры менің кітабымда (А.Шаяхмет.«Көзімді ашып-көргенім». 2001 ж. Қостанай:«Полиграфия») жарық көрген және «Кесене, Плевако және хат» деп аталған мақаламда («Ақиқат» журналы, 2008, №11) айтылған.
Бұл деректер тарихи құжаттармен де сәйкес келеді. Өйткені, Қажымұқанның Троицк жәрмеңкесіне келгені, онда палуандар сайысына қатысқаны да анық. Смайыл болыстың мекені осы Троицк қаласының іргесінде, қалаға он-он бес километрдей жерде орналасқан.
Жазушы Ілияс Есенберлин «Көшпенділер» трилогиясында қара қыпшақ Қобыландының тікелей ұрпағы бақан бойлы, шоқпар қолды қыпшақ Қобыландыны бейнелеп, «бұл атақты Қажымұқан балуанның он екінші атасы. Қазақ пен Ноғай бөлінгенде айтылған «жылау, жылау, жылау күй» жырындағы «қара орманынан айырылған», Торғай мен Ор бойына Қаратау маңынан, Арыс пен Бадам өзендерінің тоғысқан жеріндегі Қараспан тауынан көшіп келген, қазақтың атан жілік, арқар мүйіз батырларының бірі» деген баға береді.
Ал күш атасының қыпшақтың ұзын тайпасы, соның ішінде Алтыбастан тарайтыны шежірелерде анық айтылған. Ал алтыбас қыпшақтардың атақоңысы Арқа жері болғанына да күмән келтіру қиын. Арқаның ақиық ақыны Нұржан Наушабайұлы (ол да алтыбас қыпшақ) кезінде :
«Жанына өлшеп балаған,
Бес қыпшаққа қараған
Үй, Тоғызақ , Әйет пен
Орман, ағаш, неше көл
Тобылменен арада
Жұртты жаман болдырды
Ит абалап қабаған.
Қара қазан, сар баланың
Еш адам жоқ бұл жұртта
Қамын ойлап жылаған
Ұйықтама, оян, Алашым!..» - деп жырлаған. Оның айтып отырған бес қыпшағы - ұзын, бұлтың, торы, көлденең, қарабалық қыпшақтары ұрпақтары осы күні де негізінен Арқа жерін мекендейді.Осы орайда атақты Балқожа, Қанқожа билер, ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин, Қостанай өңірінде туған, бірақ, ата-анасы жер аударылғаннан кейін Шу өңірінде өскен композитор Әблахат Есбаевтың да осы алтыбас руынан екенін еске сала кету артық етпес.
Сондықтан Қажымұқанды оңтүстік өңірінің тумасы деу немесе алыпқашпа әңгімелерге сүйеніп, оны бір жерге телу дұрыс емес. Қажымұқан барлық қазақтың қас батыры, жауырыны жерге тимеген палуан. Ендеше барлық қазақтың мақтанышы болуға лайықты тұлға.
Тағы бір ортаға салатын жай, кейінгі кезде кез келген ата-текке қажы атағын қосып жазу белең алып барады. Қажы кісі есіміне қосылып айтылатын лауазым немесе атақ емес, ауызекі тілде айтылатын сөз екенін ұмытып кете береміз.
«Абай-ақпарат»