Жұма, 22 Қараша 2024
Күбіртке 10538 25 пікір 9 Қыркүйек, 2020 сағат 11:00

Тасқала неге Өскемен атанды?

Елімізде орыс әлемі десе ішкен асын жерге қоятын төрт қала бар. Олар Қызылжар, Қостанай, Павлодар және Өскемен. Ел үкіметі осы мәселені үнемі есінен шығарып алады. Осындай этножікшілдік жайлаған қалалардың бірі әм біргейі – Өскемен. Және өзіне қазақ тілді басшы құтаймай жүргенде ұлттық құндылықтарымызды қастерлейтін Жақсылық Омар Өскеменге қала әкімі болып, алаш баласының мерейі өсетін көп нәрсе істеді. Соның ең бастысы бұрын бәрін тек орыс тілінде ғана жазатын дүкен иелерін тәубеге келтірді. 

Еліміздің Шығысы мен Солтүстігіндегі Қызылжар, Қостанай, Павлодар, Семей және Өскемен қалаларын орыс отаршылары салды деген мифке сенушілікті тек семейліктер ғана жоққа шығара алды. Қалғандары өз қалаларының ірге тасының қалану тарихын орыс отарлауымен байланыстырады. Біз кезінде «Қазақстан мен Сібірдің көне қалаларын орыстар салған жоқ» деген материал жазған болатынбыз.

Биыл Жақсылық Омар басқаратын қаланың тарихи негізсіз ірге тасының қаланғанына 300 жыл толды-мыс делінетін мерейтойлық шара Covid-19 байланысты кең көлемде аталып өтпесе де, қала басшылығы қалаға Самар шоссесімен кіре беріска стела орнатумен шектелді. Тап осындай стела қалаға кіретін екінші тұсқа да орнатылатын болады.

Осы өңірдегі орыс тілді БАҚ бұл жақсы лепесті әлеуметтік желіде жікшілдік дауына ұластырды.

Қала күнінің Өскеменде мерекеленуін 2012 жылы сол кездегі қала әкімі болған Ислам Әбішев қыркүйектің екінші сенбісіне атап өтуді дәстүрге айналдырып кеткен еді. Міне, қаланы орыстар салды деп санайтын қауым бұл күнді атап өтуді қалт жібермейді. 

Осылайша Қимақ хандығының Қызыл Кеніш (Семей), Орда (Павлодар) шаһарларымен қатар бас қаласының бірі болып саналған тарихи іргесінің қаланғанына 2000 жылдай болып қалған бұрынғы Таскенттің, қазіргі Өскеменнің бодандық кездегі қалыптасқан 300 жылдық тарихына арналған сый көпшілікке ұнамай әкімшіліктің Instagram аккаунтындағы “Нет такого города - Oskemen” деп жазылған комментарий бір сәтте жүздеген лайк жинап үлгерді. 

Ең өкініштісі сол шенеуініктер «Қимақ хандығының бас қаласының бірі болған бұрынғы Таскенттің, қазіргі Өскеменнің іргесінің қаланғанына 2000 жыл» деген қарымта жауап жазуды ойға алды ма екен? 

Әбіл-Серік Әлиакбар

Abai.kz

25 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5264