Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
3912 1 пікір 10 Қыркүйек, 2020 сағат 17:33

Құқық қорғаушылар қысқы олимпиаданың Бейжіңде өткізілмеуін талап етіп жатыр

Әлемнің 160-тан астам құқық қорғау ұйымы Халықаралық олимпиада комитетінен 2022 жылы Бейжіңде өтетін қысқа олимпиада ойындарын Қытайдан басқа елге ауыстыруды сұрады.

Құқық қорғаушылар адам құқығы нашарлап тұрған Қытайда ойындар өткізу олимпиада беделін түсіреді деп есептейді.

Бірқатар құқық қорғаушылар 2008 жылы Бейжіңде өткен жазғы олимпиада ойындары қытай билігіне аса сенімділік беріп, мұның соңы ұйғырлар мен өзге де этникалық азшылықты қуғындауға әкелді деп санайды.

Reuters агенттігінің жазуынша, ашық хат жолдаған құқық қорғаушылардың ішінде Қытайда тұратын ұйғыр, тибет және монғолдарды қорғайтын ұйымдар мен Гонконг тұрғындары бар.

ХОК әзірге бұл үндеуге жауап бермеді. Осыған дейін Associated Press агенттігінің Қытайдағы ұйғырлар құқығының бұзылып жатқаны жөніндегі сұраққа ұйым қандай да бір елді таңдағанда, комитет ол елдің саяси құрылымын қолдамайды деп жауап берген.

Қытай сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Чжао Лицзянь құқық қорғаушылар спортты саясиландырғысы келеді деп мәлімдеген.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1204
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2728
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 860
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 816