Жексенбі, 13 Қазан 2024
2243 0 пікір 11 Қыркүйек, 2020 сағат 12:31

Мәжілісте Төтенше жағдайлар министрінің кандидатурасы келісілді

Бүгін Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысы өтіп, онда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі қызметіне тағайындау үшін Юрий Ильиннің кандидатурасы келісілді.

Жуырда ғана Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында Төтенше жағдайлар министрлігін қайта құруды тапсырған болатын.

Осыған орай, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1 бабына сәйкес, Юрий Ильиннің кандидатурасы Мәжілістің бейінді комитетіне ұсынылды.

Ағымдағы сессияда Мәжілісте енгізілген министрлерді келісудің жаңа нысанына сәйкес, Юрий Ильин депутаттардың сұрақтарына жауап беріп,  өзінің жұмысын ұйымдастыру туралы ой-пікірін жеткізді.

Атап айтқанда, депутаттар «Казавиаспас» қызметі, төтенше жағдайлар туралы ескертудің дәйектілігін арттыру, белсенді шараларды әзірлеу, өндірістік, мұнай, жарылу қаупі жоғары кәсіпорындарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың тиімділігін арттыру мәселелерін көтерді. Сонымен бірге Мәжіліс депутаттары Палатаның қарауында жатқан заң жобалары бойынша депутаттық корпуспен жедел өзара жұмыс істеудің қажеттілігіне назар аударды.

Комитет отырысының нәтижесі бойынша тиісті Қорытынды қабылданды. Құжатта Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті Ильин Юрий Викторовичтың кандидатурасын қарай отырып, оны Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі қызметіне тағайындауға ұсынуға болады деп санайды.

Abai.kz

0 пікір