Ескі Доссор ауылының жаңа келбеті
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне бей-жай қарамайтын «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы биыл кезекті рет «Парыз» сыйлығының «Жылдың ең жақсы әлеуметтік жобасы» аталымы бойынша жүлдеге ие болды. Осылайша компанияның Атырау және Маңғыстау облыстарындағы әлеуметтік жобаларды іске асырудағы еңбегі мемлекеттік деңгейде мойындалды. Бұл жылы мұнайшылар түрлі әлеуметтік жобаларға 6,5 миллиардтан астам теңге бөлді.
Ағымдағы жылда ҚМГ БӨ әлеуметтік қызметіндегі ерекше орынды Атырау облысы Мақат ауданындағы алғашқы мұнай өндірісінен бері 100 жылдығын атап өткен Доссор ауылы алды. Доссорлықтар үшін мұнайшылар ұйымдастырған мереке әдеттегі бір рет тойланып, ертең ұмытылып кететін шараларға ұқсаған жоқ.
Халықты әлеуметтік қолдау бағытында жергілікті билікпен барлық мәселелерді шешу бойынша қоян-қолтық жұмыс жасайтын компания аймақта мектептер мен емханалар, тұрғын үйлер мен мектепке дейінгі мекемелер, дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін және жолдар салды. Бұған қоса тек мұнайшылар емес, бүкіл облыс халқының игілігіне жарайтын басқада көптеген нысандар салды, - дейді облыс әкімінің орынбасары Асқар Керімов.

Сондықтан Доссордың 100 жылдығын тойлау аясында ҚМГ БӨ бүкіл ауыл тұрғындарына қызмет ететін сыйлық тартқанының себебі анық болды. ҚМГ БӨ әлеуметтік серіктестік бағдарламасының аясында аймақта салған нысандарының тізімі Доссор ауылындағы 80 орындық «Ботақан» балабақшасымен толықты. Айналасындағы аумақ пен жолды жайландыруды қосқандағы нысанның жалпы бағасы 180 млн. теңгені құрады. Балабақша заманауи құрылғылармен, жиһазбен және аттракционмен жабдықталған. Онда ыңғайлы жатын бөлмелер мен музыка залы бар. Жобада заманауи ас үй жабдығы, кір жуылатын орын және басқа да қосымша жайлары бар жеке шаруашылық блок қарастырылған. Балабақша аумағы толығымен қоршалған, онда дизайнерлер балалардың таза ауада ойнауына арналған кіші сәулет пішіндерін орналастырған. Толығымен инженерлік желілер жүргізілген. Аумақ толығымен жайландырылған. Құрылысшылар көгал мен бұталар отырғызуды да ұмытпаған.
Мұнайшылар тек ең кішкентай доссорлықтардың ғана қамын ойлап қоймаған. Дене шынықтыру-сауықтыру кешені толығымен қалпына келтірілген. Айтпақтай, ол да ҚМГ БӨ қаражатына салынған. Осы жылы ДСК кеңітілді. Онда күрес және тренажерлер залдарына арналған жай жалғастырыла салынған. ДСК ғимараты толығымен қалпына келтіріліп, күрделі жөндеуден өткен, көрермендерге арналған трибуна орнатылған. Айналасындағы аумақ жайландырылған, оған тас төсеніш төселген, бір бөлігін асфальтпен жапқан.
Облыстың ең ескі ауылындағы спортпен айналысу жағдайлары тек ДСК-да ғана жақсарып қоймаған. Мұнайшылар жергілікті мектептердің аумақтарында жабыны жасанды бес спорт алаңын сатып алып, орнатты. Сүйікті спорт түрімен енді тәулік бойы айналысуға да болады - алаңдар қоршалған және жарықтандырылған, көрермендерге арналған орындықтар бар. Доссордың спорт құрылымдарын қалпына келтіру мақсатында ғана 300 млн. теңгеден астам қаражат жұмсалды.
- Мұнайшылардың спортты дамытуға көп назар аударатыны өте жақсы. ДСК-да ондаған бала шынығады. Ола мықты әрі сау болып өседі. Балалардың өз-өздерімен көшеде жүрмей, түрлі секцияға қатысу барысында ересек беделді адамдардың бақылауында болатыны да аса маңызды, - Доссор тұрғыны Аманжан Күншығаров.
Сахнасы, көрермен залы және басқа да қосымша жайлары жаңартылған, қалпына келтірілген және толық жөндеуден өткен «Мұнайшы» мәдениет үйі де шырайлана түскен. Би топтарына арналған зал да кеңейген, жалғастыра салынған жайда киінетін және душ қабылдайтын бөлмелер жасақталған. Клуб айналасындағы аумақты тану мүмкін емес. Онда жаздық сахна, декорациялық шамдар мен шырақтар пайда болған.
Мұнайшылардың мұнай-газ өндіру басқармасы қызметкерлері тұратын ауылдар жайлы, әдемі болуына аз мән бөлмейтінін атап өту керек. Доссор да сол ауылдар қатарына жатады, әрине. Доссорлықтардың ең сүйікті жерлерінің бірі - Мұнайшылар даңқының аллеясы. Оған жылы төбесінде символикалық тамшысы бар мұнай мұнарасы кескінделген сәулетті гранит ескерткіш қойылды.
Алайда бұл - сәулет ескерткішінің бі бөлігі ғана. Оның айналасында сәулетшілер Доссор мұнайының бар тарихын ойып салған: шикізатты түйемен тасыған кездерден біздің заманымызға дейін.
Андрей Соколов