Сенбі, 23 Қараша 2024
2589 0 пікір 17 Қыркүйек, 2020 сағат 11:40

Швейцариядағы 390 млн. теңге қайтарылды

Қазақстанға «Қорғас ісі» бойынша Швейцариядан 390 млн. теңгеден астам қаражат қайтарылды. Бұл туралы ҚР Бас Прокуратурасы мәлімдеді. 

«2020 жылғы 14 қыркүйекте Швейцарияның Федералдық билігі «Қорғас ісі» бойынша ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық мүшелері жымқырып, шетелге шығарған 390 млн. теңгеден астам қаражатты Қазақстанға қайтарды»,- делінген хабарламада.

Аталған қаражат 2012 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген қылмыстық ұйымдасқан топтың белсенді мүшелерінің бірі Мағзұм Әбдіралиевке тиесілі Швейцария банкіндегі шетелдік компанияның шотында болған.

Швейцариядан Әбдіралиевтің қылмыстық активтерін қайтару бойынша жұмыс 2018 жылдан бері жүргізілген.

Бұған дейін 2019 жылы осы іс бойынша мемлекет кірісіне Швейцариядан 140 млн.теңге қайтарылған болатын.

Осылайша, осы іс бойынша Швейцариядан мемлекеттік бюджетке шетелден активтерді қайтару бойынша жұмыс шеңберінде түскен қаражаттың жалпы сомасы шамамен 530 млн.теңгені (1,3 млн АҚШ долларынан астам) құрайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522