Сәкен Бозаев. Ар-ұяты мұнайға айналғандар озбырлығы
Жан-жағы құлазыған даласында шөлге қамалғандай күй кешкен Жаңаөзен мұнайшылары қанат қағар ақ айдын шалқар аңсап, ойға алғанын орындауға қанша қарқындағанмен түскен жолы құмға келіп тірелген жолаушылардай аңтарылып қалды. Көлдей көңілдері шалшық суға айналып, торға түскен торғайдай тоз-тозы шығып қала берді... Сөйтіп, сайын далада елес дүбірге елігіп, еркіндікке жетсем деген ежелгі аңқаулығымен атын зорықтырған ауыл қазағының кебін киді.
Жас бала тәрізді ақ көңіл, сенімпаздықпен жайылымға жем іздеп келіп, су тартылғанда шағын шалшықтың арасында қалып, қайтсем айдынға шығам деп тулаған шортандай қанша туласа да қолынан келер дәрмені болмады. Жүрісін де, істеген жамандығын да білдірмей істейтін жер байлығын иеленгендердің мұнай болып кеткен ар-ұятын тазарта алмады. Жұртым дегенде жұмылып, елім дегенде егілетін ел бастар ерлері көрінбеді. Жылқының үйірін бұқаларға қайыртқан қазіргінің балталы Батыраштары мен құрықты Қотыраштары озбырлығын қайталады.

Сахара сағым далада еркін өсіп, көкпарға салған ешкідей қылмақ болған талай жуанаяқтыларға «құлдық» демеген қайсар ұл-қыз өсірген ел едік. Бас көтерер естиярларын мұрнын тесіп соқаға жекпек болған есірік есерлерге есе жібермеген жұрт едік. Барына ие бола алмауды арына түскен таңба деп санаған қарапайым мұнайшылардың су тезек құсап бықсып жанған жан ашуын түсінер биліктен текті табылмады. Тексіздерді төрге шығарсаң шұқитының жер болар деген ежелден бар еді. Қуыс кеуде «байлардан - барымташы, барымташыдан - ұры, ұрыдан - қары, қарыдан- бәрі шығады» дегендей кезге тап болғанымыз белгілі болды.
Сәкен Бозаев,
Құлсары қаласы
«Абай-ақпарат»