Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3468 0 пікір 29 Маусым, 2009 сағат 19:06

Есенгүл КӘПҚЫЗЫ. Ұланбатырда Моңғолия қазақтары кіші құрылтайға жиналды

Ұланбатырдың сыртындағы дала. Шілде, 2006 ж.

Маусымның 27-і күні Ұланбатырда басталған Моңғолиядағы қазақтардың кіші құрылтайына, ұйымдастырушылардың айтуынша, сол елдің қазақтар тұратын аймақтарымен бірге Ресей, Қазақстан және Қытай елдерінен қонақтар шақырылған екен.

ҚҰРЫЛТАЙ МОҢҒОЛИЯНЫҢ ІШКІ ӨЛКЕЛЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚТАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛАДЫ

Ресми есеп бойынша, Моңғолияда 140 мыңдай қазақ өмір сүріп жатыр екен. Соның 40 мыңға жуығы ондағы қазақ ұлттық аймағы Баян-Өлгийден тыс, Моңғолияның ішкі өлкелерінде шоғырланған.

Бұл алқалы жиынға Моңғолияның қазақтар тұратын аймақтарынан 400-дей, Ресей, Қазақстан және Қытай елдерінен 50-ге жуық қонақ шақырылыпты.

«Ару жұлдыздар» қоғамдық ұйымының жетекшісі және «Арулар» журналының бас редакторы Айнагүл Сарайқызы Моңғолияда тұңғыш рет өткізіліп отырған бұл кіші құрылтайдың басты мақсаты - қазақтың тілін салт-дәстүрін, мәдениетін сақтап қалудың амалдарын қарастыру, келешек ұрпаққа ұмыттырмау екендігін айтады.

Ал, құрылтайды ұйымдастыруға мұрындық болып отырған Қазақстанның Моңғолиядағы елшісінің көмекшісі Данияр Қадыров, Азаттық радиосына, жиынның ғылыми-практикалық конференция негізінде өтетіндігін жеткізді.

- Шеттегі қазақ диаспорасының ішінде Моңғолиядағы қазақтар тілін, дінін сақтап келе жатқан аз ғана топтың бірі. Бұл үрдістің ары қарай да өз жалғасын тауып, қаймағын бұзбай отыра беруіне септігін тигізу үшін, біз мұндағы қазақтарға серпін беруді жөн санап отырмыз. Баян-Өлгий аймағындағы тұрғындардың 97%-ы қазақтар. Олардың өз мектептері, театры және ақпарат құралдары бар. Ал, Ұланбатырда 20 мың, сондай-ақ Дархан, Эрдэнэт, Хэнтий, Налайх және Түнхэл сияқты өндірісті аймақтарда да қазақтың біраз бөлігі тұрады. Құрылтайдың негізгі мақсаты да, осы өлкелерде шашылып жүрген қазақтардың басын қосып, проблемаларын сөз ету, - дейді Данияр Қадыров.

Құрылтайда «Моңғолия қазақтарының саяси-әлеуметтік жағдайы және тілінің мәселелері» атты баяндама тыңдалып, 4 секция бойынша «Тіл, мәдениет, өнер», «Білім, ғылым», «Сауда, экономика» және «Жастардың көзқарасы» секілді тақырыптар қозғалады.

ҰЛАНБАТЫРДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТТЕ ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ ФАКУЛЬТЕТІ АШЫЛАДЫ

Құрылтай қарсаңында Азаттық тілшісіне берген сұхбатында Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісінің көмекшісі Данияр Қадыров ондағы қазақтардың ұлттық болмысын сақтап қалу мақсатында Моңғолия Мемлекеттік университетінің жанынан Қазақ филологиясы факультетін ашуды жоспарлап отырғандығын жеткізді.

«Былтырғы жылдың тамыз айында, Ұланбатырға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сапары кезінде, екі елдің президенттері бірқатар іс-шаралар жөнінде келісімге келген болатын. Солардың бірі және бірегейі - Моңғолияның жоғары оқу орындарының бірінен қазақ тілі мен әдебиеті факультетін ашу туралы келісім.

Соған байланысты, былтырғы жылдың соңында, биылғы жылдың басында Шығыс Қазақстан университетінен бірнеше дүркін делегация келіп, осы мәселені шешуді жолға қойды. Аталған факультет Моңғолияның ең ірі университетінде ашылады деп жоспарланған. Қазір тараптар бірлескен оқу бағдарламасын жасау үстінде», - дейді Данияр Рамазанұлы.

Сондай-ақ, құрылтай қонақтарының ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің консулдық қызмет көрсету департаментінің лауазымды қызметкерлері де бар. Олар екі ел арасындағы азаматтық істері жөніндегі келісімдер мен көші-қон мәселесі жөніндегі сауалдарға да жауап бермек.

Есенгүл КӘПҚЫЗЫ

«Азаттық» радиосы 27 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373