Жұма, 22 Қараша 2024
3764 7 пікір 1 Қазан, 2020 сағат 11:23

Таулы Қарабақта төртінші тәулік соғыс жүріп жатыр

Баку Арменияның Қарулы күштері Әзербайжанның Физули ауданындағы Горадиз қаласын атқылады деп мәлімдеді.

Әзербайжан бас прокуратурасы таратқан мәлімдемеге сәйкес, Армения снаряды Горадиз қаласындағы май құю станциясына жақын жерде жарылған. Одан бір адам қаза тауып, тағы үшеуі жарақат алған. Сәрсенбі күні Тертер ауданы да артиллериялық атқылауға түскені хабарланды.

Армения болса, бұл мәліметке қатысты әзірге ешқандай ақпарат бермеді.

Таулы Қарабақтағы қарулы қақтығыстар төрт күннен бері жалғасып жатыр. Баку мен Ереван аймақтағы ахуалдың өршіп кетуіне бірін-бірі айыптап жатыр. 27 қыркүйекте таңертеңнен бері басталған атыстан ондаған адам қаза болып, көп адам жарақат алды. Арасында бейбіт тұрғындар да бар.

Бір күн бұрын Ереван Арменияның Варденис ауданы, Баку Әзербайжанның Дашкесан ауданы әуе соққысына тап болып жатқанан мәлімдеген. Армян билігі бұдан бөлек Түркияның F-16 ұшағы Арменияның Су-25 ұшағын атып түсіргенін, ұшқыш қаза болғанын мәлімдеген. Ресми Анкара бұл мәліметті теріске шығарды.

29 қыркүйекте Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Қауіпсіздік кеңесі Таулы Қарабақтағы жағдайды шұғыл талқылап, ұйымның бас хатшысы Антонио Гутерриштің атысты тез арада тоқтату бойынша үндеуін қолдады. БҰҰ аймақтағы жағдайды реттеу үшін келіссөзге келуге шақырды.

Бірақ Әзербайжан мен Армения лидерлері бейбіт келіссөздер өткізуден бас тартып, бірін-бірі жағдайды ушықтырды деп айыптап жатыр.

Таулы Қарабақ төңірегінде дау Совет Одағы кезінен басталған. Ол кезде Таулы Қарабақ ауданы Әзербайжан ССР-і құрамына кірген, бірақ тұрғындарының көбі армян болған. 1988-1994 жылдары аралығында болған әскери қақтығыс кезінде 30 мың адам қаза тауып, жүздеген мың адам босқынға айналған. Армения әскерінің қолдауына ие болған сепаратистер Таулы Қарабақтың басым бөлігін бақылауына алып, өзінің қарамағына Әзербайжанға тиесілі кей аудандарды да тіркеп алды. Әзербайжан бұл территорияны оккупацияланған деп атайды. 1994 жылы екі ел арасында қарулы қақтығысты тоқтату және шиеленісті бейбіт жолмен шешу жөнінде келісім жасалды. Бірақ бұл келісім шиеленісті шешкен жоқ.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303