Қазақстанда өлім жазасын қолдану толығымен тоқтатылды
Қазақстан ресми түрде өлім жазасынан бас тартты. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 75-ші мерейтойлық сессиясының жалпы саси пікірталас барысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан адами қадір-қасиетпен өмір сүруге негізделген құқықты жүзеге асыруға бекем.
Сонымен қатар, Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттамасына қол қойған болатын.
Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Мемлекет басшысы елдегісаяси реформаларды іске асыру барысында Сыртқы істер министрлігіне саяси және азаматтық құқықтар туралы халықарлық пактінің екінші факультативтік хаттамасына қосылу рәсімін бастауды тапсырған еді.
Аталған халықаралық құжат – өлім жазасын қолдану аясын біртіндеп тарылту мен қылмыстық заңнаманы ізгілендіру шарасының жалғасы болып табылатынын айта кету керек.
Тағы бір айта кетерлігі, Қазақстанда өлім жазасын қолдану Президенттің 2003 жылы тиісті мораторий енгізу туралы Жарлығының негізінде толығымен тоқтатылды.
Abai.kz