Саясаткер бірден алаңға барып, митингке қатысушылар алдында сөз сөйледі. Ол өзін босатқандарға алғысын жеткізді.
«Мен үш жарым жыл түрмеде отырдым. Сіздердің арқаңызда бостандыққа шықтым. Біз бір нәрсені еске сақтайық: қырғызбыз ба, орыспыз ба, өзбекпіз бе, бәріміз бір елде тұрып жатырмыз! Бәрін заң аясында шешейік. Қазір тарауымыз керек. Күшпен ештеңе шешпейміз. Бәрібір заңсыз болады», - деді экс-депутат.
Сонымен бірге Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаковты да халық босатып алды.
Оның адвокаты Замир Жоошевтің сөзінше, оны саясаткердің жақтастары босатып алған.
«Заңға сәйкес, жақын уақытта сот Сапар Исаков пен Алмазбек Атамбаевтың істерін қайта қарап, оларды ақтауы тиіс. Бәрі заң аясында болуы тиіс», - деді заңгер.
Тағы бір экс-депутат Равшан Жээнбековтің босатылғаны жөнінде ұлы Азат «Twitter» парақшасына жазды.