Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2507 4 пікір 6 Қазан, 2020 сағат 10:10

Омурбек Суваналиев Қырғызстанның күш құрылымдары координациясына кірді

"Бутун Кыргызстан" партиясы атынан Жогорку Кеңеш депутаттығына үміткер болған Омурбек Суваналиев соңғы оқиғаларға байланысты елді Қырғызстанның күш құрылымдары үйлестіреді деп мәлімдеді.

Ол Азаттықтың қырғыз қызметіне берген сұқбатында Қырғызстанның қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары қызметіне қайта кіріскенін, қоғамдағы тәртіпті бақылау үшін шаралар енгізе бастағанын жеткізді.

"Қазір президенттің қайда екенін білмеймін. Бірақ қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары ретінде заңды жұмыс жүргізіп жатырмын. Қазір елдегі тәртіп мен қауіпсіздік жағын үйлестіріп жатырмын. Мелис Турганбаев ("Замандаш" партиясы атынан депутаттыққа үміткер болған – ред.) Жазаны орындау мемлекеттік қызметіндегі жұмысына кірісіп кетті. Ал Бішкек коменданты ретінде Курсан Асановқа уақытша сенім арттық", - деді Омурбек Суваналиев.

Курсан Асанов пен Омурбек Суваналиев "Бутун Кыргызстан" партиясы атынан сайлауға қатысқан. 2019 жылы Курсан Асанов "милиция мүддесін сатты" деген айыппен ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылып, оған үш бірдей қылмыстық іс қозғалған.

Әлеуметтік желі мен БАҚ-та Бас прокурордың міндетін атқарушы болып Алмамбет Шыкмаматов тағайындалғаны хабарланды. Ол "Бир Бол" партиясы атынан депутаттыққа үміткер болған.

Қырғызстанда орталық алаңда 5 қазанда парламент сайлауының нәтижесімен келіспеген халық митингке шыққан. Олар сайлау нәтижесін жойып, қайта сайлау өткізуді талап етті. Түнге қарай наразы халық Ақ үйді басып кірді. Кейін Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті ғимаратын басып алды.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков саяси күштер елдегі "бейбітшілік пен тұрақтылықты" сақтайды деген үмітін жеткізген. Бұл жөнінде оның баспасөз хатшысы Толгонай Стамалиева хабарлады. Оның айтуынша, мемлекет басшысы Бішкекте.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364