Сенбі, 23 Қараша 2024
2416 0 пікір 7 Қазан, 2020 сағат 20:34

«Мемлекеттің азаматтық бастамаларды қолдауы бізді ынталандырады»

ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» «Birgemiz Qamqor» жобасын жүзеге асыруда. Семей қаласындағы «Интеллектуалды жастар қауымдастығы» қоғамдық қорының төрағасы, волонтер Қуаныш Молдақашев орталықтың 300 000 теңге көлеміндегі грантын ұтып алды. Қоғам белсендісі осы және басқа да жобалардың аясында атқарылған қайырымдылық істер жайында баяндайды.

Қуаныш Молдақашев:

- Биыл «Азаматтық бастамаларды қолдау қоры» волонтерліктің негізгі 7 бағыты бойынша жобаларды жүзеге асырды. Біздің ұйым жеке-жеке тақырыптар бойынша шағын гранттар ұтып алды. Ол қаражатқа волонтерлік жұмысқа қажетті заттарды сатып алып, қайырымдылық істерді атқардық. Тарихи ескерткіштерді қорғау мен тарихты жаңғыртуға бағытталған «Асыл мұра» жобасы бар. Сол бойынша екі бағытта жұмыс атқарып жатырмыз.

Біріншісі, «Таза ескерткіш» деп аталады. Семейдегі ескерткіштерге барып, тазалық жұмыстарын ұйымдастырып, бояп-сылап қалпына келтіреміз. Мақсаты - ескерткіштерді сақтау, жұрттың назарын соған аударту, жастарға ескерткіштердің не үшін қойылғанын, оның маңыздылығын түсіндіру.

Екіншісі, «Аманат» деген жоба. Ол ескерткіштерге мониторинг жүргізуге бағытталған. Біз оның аясында ескерткіштерге қатысты қала тұрғындарының арасында сауалнама жүргіздік. Жиналған мәліметтің барлығын қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне жолдап отырамыз. Мемлекеттік орган біздің зерттеуге қатысты өз қорытындысын жасайды. Ескерткішке көңіл бөлінбесе, тиісті шешімдер қабылдайды, қаржы бөледі деген сияқты. Қоршаған ортаны қорғауға және экология мәселесін шешуге бағытталған «Таза әлем» деген жобамыз бар.

Қазір өкінішке орай, тұрмыстық қалдықтар мен күл-қоқыс сұрыпталмағандықтан қоршаған орта ластанып жатыр. Егер дұрыс сұрыпталатын болса, қоқысты өңдеуге болады. Біз түрлі-түсті қаптар дайындап оны сенбіліктерде тұрғындарға таратып, қоқысты сұрыптауға болатынын түсіндіреміз. Әрине, қала жұртының бәрін мұндай қаптармен қамтамасыз ету мүмкін емес.

Бұл шараның мақсаты - түсіндіру, насихат жұмысы. Жалғызбасты қарттар мен зейнеткерлерге көмек көрсетуге бағытталған «Қолдау» деп аталатын жобаны да іске асырып жатырмыз. Пандемия кезінде мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай алу өзекті болды. Қарттар мен зейнеткерлер компьютердің тілін білмегендіктен осы тұрғыда қиналды. Біз жобаның аясында оларға мемлекеттік қызметті онлайн алуға болыстық. «Әлеуметтік керуен» деген жобаның аясында ауыл тұрғындарына барып, мемлекеттік бағдарламалар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ал, «Екінші дем», «1+1» жобалары коронавирус және онкологиямен ауырған науқастарды сауықтыруға бағытталған. Жалпы, мемлекеттің азаматтық бастамаларды қолдауы бізді ынталандырады, волонтерлік қозғалыстың дамуына септігін тигізеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385