Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2758 0 пікір 19 Мамыр, 2009 сағат 11:19

ХВҚ миссиясы ҚР Ұлттық банкінің ақша-несиелік саясатын табысты әрі орынды деп есептейді

Алматы. 18 мамыр. ҚазТАГ – Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) миссиясы Қазақстан Ұлттық банкінің айырбастау курсы және ақша-несиелік реттеу саласындағы саясатын табысты әрі орынды деп есептейді. Дүйсенбі күні Ұлттық банктің сайтында жарық көрген «ХВҚ миссиясының алдын ала қорытындыларында» осындай пікір айтылған.
«Ақпан айында жүргізілген теңгенің девальвациясынан кейін инфляцияны ұстап тұру табысты жүзеге асырылуда және біз қазіргі уақытта жүргізіліп отырған ақша-несиелік саясаттың курсын орынды деп санаймыз. Төмен сұраныс жағдайында инфляция жыл соңына қарай 9 пайыз деңгейінде болып, кейін 2010 жыл бойы бірте-бірте төмендейді деп болжаймыз … Айырбастау курсының саясаты саласында біз қаржы секторының проблемалары шешімін тапқанша, бұрынғыдай АҚШ долларына байланыстыруды орынды деп есептейміз», - делінген әлгі құжатта.
Экономикадағы ахуал жақсарған сайын экономикалық реттеуді жұмсартуға алғышарттар пайда болады.

«Экономикалық саясатты ары қарай либерализациялау үшін мүмкіндіктердің пайда болуы ықтимал; бірақ ішкі депозиттерді қолдап, банктерге қаржыландырудың тұрақты кезеңіне ауысуға көмектесу үшін нақты пайыздық мөлшерлемелерді оң деңгейде ұстап тұрған маңызды … Мұнай бағасының биылғы жылдың басындағымен салыстырғанда қымбаттағанын, тікелей шетелдік инвестициялардың, әсіресе энергетика саласында жоғары деңгейде сақталуын, сондай-ақ, екі жақты негізде жаңа қаржыландырудың пайда болуын ескергенде, әрі банк секторына деген сенімнің сейіліп кетпеуіне байланысты алдағы кезеңде валюта нарығындағы қаржы ағындары теңгерілуі тиіс», - делінген ХВҚ «Қорытындыларында».
ХВҚ миссиясы орта мерзімді перспективада АҚШ долларына байланыстыру саясаты бірқатар кемшіліктерге ие екенін атап көрсетеді. Бірақ құбылмалы курсқа ауысқанда банктердің баланстарын нығайтып, барлық валюталық тәуекелдерді сақтандыру қажет.
«Долларға байланыстыру қажетті тұрақтылықты қамтамасыз етеді, бірақ іскерлік белсенділіктің ішкі циклі АҚШ-тағы циклмен үйлестірілмеген жағдайда, ол бірқатар кемшіліктерге ие. Иілгіш курс ақша-несиелік саясаттың тиімділігін арттырып, сақтандырылмаған валюталық тәуекелдердің артуын тоқтатар еді. Сонымен қатар, экономикаға биржалық тауарлардың құнының құбылуына үн қатуға мүмкіндік береді, бірақ бұл салада түзетудің жүгі бюджеттік саясатқа артылуы тиіс. Айырбастау курсының режимін өзгертуге дайындалу үшін пруденциалды нормативтерді қайта қарағаннан басқа, баланстарды нығайту жөніндегі шараларды қабылдау қажет», - деп атап көрсетеді халықаралық ұйымның сарапшылары.
Қазір бюджеттік саясат экономикаға айтарлықтай қолдау көрсетіп отыр, ал егер құлдырау жалғасатын болса, мемлекет халықты әлеуметтік тұрғыдан қорғауды нығайтуға тиіс.
«Мемлекеттік қарыздың төмен деңгейі және қаржыландыруға жедел ие болудың мүмкіндігі үкіметке автоматты фискалды тұрақтандырғыштарды негізді түрде іске қосып, шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді. Дегенмен, биыл дағдарысқа қарсы жоспар мен бюджет шеңберінде бөлініп жатқан қаржының көлемін ескергенде, қазіргі уақытта осы шығындарды тиімді жүзеге асыруға назар аудару қажет… Кез-келген қосымша шығын әлеуметтік қорғау жүйесін нығайтуға және инфрақұрылым, денсаулық сақтау, білім сияқты дамудың негізгі салаларына шоғырландырылуы тиіс. Алайда қазіргі құлдырау әлсіреген кезде мұнай емес сектор бюджетінің дефицитін төмендету және мұнай қорындағы қаржы ресурстарын жинақтауды қайта жандандыру үрдісін қамтамасыз ету қажет», - делінген құжатта.
«Біз жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы әрекеттерді қолдау мақсатында кәсіпорындар үшін, әсіресе шағын және орта кәсіпорындарға әкімшілік жүктемені төмендету ниетін қолдаймыз. Әлеуметтік қорғау жүйесін нығайтумен қатар, қайта даярлау бағдарламаларын кеңейту бастамалары жұмыстан шығарылған жұмыскерлердің бейімделу проблемаларын жеңілдетуге мүмкіндік береді», - деп атап көрсетілген құжатта.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5432