Қырғызстан төңкерістен $104 млн жоғалтқан
Алдын ала есептеулер бойынша, Қырғызстандағы төңкерістің салдарынан 2020 жылдың 10 қазанындағы шығын 8 миллиард сом немесе 104 миллион долларды құрады. Бұл деректерді Бизнес қауымдастықтың ұлттық альянсы жариялады.
Сарапшылардың пікірінше, шамамен 210 миллион долларға дейінгі жиырмадан астам келісімшарттар мен бизнес-жобалар жойылды.
Саяси тұрақсыздық салдарынан жоғалған миллиардтаған сом жұмыссыздықты, салықтар мен төлемдер жоспарларын көбейтіп, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын нашарлатуы мүмкін.
Айта кетейік, 5 қазн күні түнде Қырғызстанда Парламент сайлауының нәтижесімен келіспеген демонстранттар Ақ үйге басып кірді. Одан кейін Қырғызстан парламенті - Жогорку Кенеш сайлау қорытындылары жойылғанын мәлімдеді.
Abai.kz