Сенбі, 23 Қараша 2024
2998 3 пікір 14 Қазан, 2020 сағат 12:53

Алматы әкімдігі құқық қорғаушыларға митинг өткізуге рұқсат берді

Liberty қорының президенті, құқық қорғаушы Ғалым Ағелеуов және "Ар.Рух.Хақ" қоғамдық қорының жетекшісі, құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина Алматы әкімдігінің қалада митинг өткізуге рұқсат бергенін хабарлады.

Бұған дейін екі құқық қорғаушы "саяси реформа жүргізу және саяси себеппен қудалауды тоқтату" тақырыбында митинг өткізгісі келетінін мәлімдеп, жергілікті атқару органына бірнеше рет өтініш түсірген. Әкімдік олардың екі өтінішін қанағаттандырмай, үшінші өтінішін мақұлдап отыр. Митинг 500 адамға арналған.

Құқық қорғаушыларға жіберген жауапта жергілікті қоғамдық даму басқармасы ұйымдастырушыларға жиын кезінде "тақырыптан ауытқымауды" және "санитарлық талаптарды орындау" қажеттігін ескерткен.

Соңғы рет әкімдік елде қызметіне тыйым салынған “Көше” мен “Қазақстанның демократиялық таңдауы” ұйым белсенділерінің митингіге қатысуы мүмкін екенін айтып, құқық қорғаушылардың өтініштерін қанағаттандырмаған болатын.

Қазақстанда маусым айында "Бейбіт жиын туралы" жаңа заң қабылданғанмен құқық қорғаушылар бейбіт жиынға шыққан азаматтарды ұстау мен оларды қудалау тыйылмады деп отыр. Жергілікті билік бұрынғыша шараның "рұқсат етілмегенін" алға тартып, заңсыз деумен келеді. Жергілікті және халықаралық құқық қорғаушылар жаңа заңда ескі шектеулер қалғанын айтады.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5498