Сенбі, 23 Қараша 2024
2171 0 пікір 15 Қазан, 2020 сағат 11:15

Мирзияев Сардобадан зардап шеккен тұрғындармен кездесті

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 13 қазанда Сырдария облысына барып, Сардоба бөгетінен зардап шеккен ауылдардың тұрғындарымен кездесті.

Мемлекет басшысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сардоба ауданындағы Дустлик махалласында 37 үй, Мирзаабад ауданындағы Хакикат махалласында 40 үй, Акалтин ауданындағы Навбахор махалласында тоғыз үй тұрғызылды. Мирзияев әуелі Хакикат махалласында болды.

"Су тасқынының зардабы көп болды. Бізге апат салдарын жойып, тұрғындардың тіршілігін қайта жақсарту керек болды. Мұндай міндет кез келген мемлекеттің қолынан келе бермейді. Біз зардап шеккендердің бәрімен сөйлестік. Суық түспей оларды баспанамен қамтамасыз ете алдық. Халық риза", - деді Мирзияев.

Бұның алдында Сардоба ауданының бір топ тұрғыны үкімет уәде еткен өтемақы алмағанын журналистерге хабарлаған.

Ресми мәлімет бойынша, 1 мамырда бөгеттің жарылуынан Сардоба, Акалтин және Мирзаабад аудандарында 2 570 үй, 76 көп пәтерлі үй жарамсыз болып қалды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5504