«Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздік елімізге бейбіт өмірдің берекесін ұқтырды»
Қазақстан халықтары Ассамблеясының кезектен тыс өткен XVIII сессиясында Президент Назарбаев осылай деді.
2011 жылдың 16 желтоқсанында Маңғыстау облысының Жаңаөзен, Шетпе кентінде мұнайшылар ереуілге шығып, ереуілдің ақыры ішкі әскердің күшімен тоқтаған болатын. Қарулы қақтығыс барысында, ресми дерекке сүйенсек, мұнайшылар жағынан 16 адам қаза тапты. Қазір жаппай тәртіпсіздіктің қайдан шығып, қалай өрбігенін, оны кімдердің ұйымдастырғанын ҚР Бас прокуратурасы тексеріп жатыр.
Қазақстан халықтары Ассамблеясының кезектен тыс өткен XVIII сессиясында Президент Назарбаев:«Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздік елімізге бейбіт өмірдің берекесін ұқтырды. Біреулер Жаңаөзенде болған жаппай тәртіпсіздікке алақанын жылытқысы келеген шығар. Бірақ халық олардың жымысқы әрекеттеріне тойтарыс берді. Жаңаөзен қаласының тұрғындары «Нұр Отан» партиясын қолдады», - деп қадап тұрып айтты.
Расында, жаңаөзендіктер елдік танытты. Конституциялық кеңес олардың азаматтық құқын шектей жаздағанның өзінде өкпе артпай, Мәжіліс сайлауына келіп қатысты. Әзірге Жаңаөзенде сайлау өтіп жатқан кезде тәртіпсіздік, заңға қайшылық болды дейтіндей ақпар тарай қойған жоқ.

Ассамблеясының кезектен тыс өткен XVIII сессиясына ұйымға мүше 390 адамның 335-і қатысып, орталарынан әдеттегідей 9 үміткерді бесінші шақырылған Мәжіліске депутат етіп сайлады. Олар Мәжіліске бұрында сайланған Ассамблеяның тұрақты депутаттары болып шықты. Атап айтсақ: «Тұрақты Қазақстан» қорының жетекшісі Жұматай Әлиев, республикалық ұйғыр орталығының басқарама мүшесі Мұрат Ахмадиев, Қазақстандағы немістердің «Қайтаөрлеу» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Егор Каппель, корей ассоциациясының төрағасы Роман Ким, чешен және ингуш халықтары «Вайнах» даму ассоциациясының теңтөрағасы Ахмет Мұрадов, Жамбыл облысындағы Қазақстан халықтары Ассамблеясы төрағасының орынбасары, орыс, славян, казак ассоциациясы кеңесінің мүшесі Надежда Нестерова, Астана қаласындағы Таң» татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің жетекшісі Зухра Саяпова, украиндердің «Рада» одағының төрағасы Юрий Тимошенко және республикалық өзбек этномәдени «Достық» бірлестігінің құрметті төрағасы Розақұл Халмұрадов дейтін кісілер.
Сонымен, сайлау аяқталды. Сайлаудың алдын-ала жария көріп бастаған қортындысы қашанғыдағыдай нәтиже көрсеткенімен жаңаөзендіктердің белсенділігін ерекше атып өтуіміз керек. Олар бейбіт өмірдің берекесін ғана емес, еліміздің тұтастығын, елдігімізді, қазаққа тән төзімділік пен дархандықты, парасат пен пайымды паш етті!
«Абай-ақапарт»