Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
5323 1 пікір 27 Қазан, 2020 сағат 12:39

Садыр Жапаров отставкаға кетеді

Қырғызстанның премьер-министрі және президент міндетін атқарушы Садыр Жапаров отставкаға кетеді. Бұл туралы Қырғыз ақпараты жазып жатыр.

Ол алда келе жатқан президент сайлауына үміткер ретінде қатысыды екен. Бұл туралы күні кеше ғана өзі мәлімдеме жасап, айтқан.

«Мен де өзгелермен тең, сайлауға түсемін. Егер халық таңдаса президент болармын, әйтпесе жоқ...», - деген.

Садыр Жапаров өзіне берілген «президент міндетін атқарушы» деген лауазымын биыл желтоқсан айының басында өткізіп беруді жоспарлап отыр екен.

Осыған дейін Қырғызстанның ОСК мерзімінен бұрын өтуі тиіс президент сайлауын 2021 жылдың 10 қаңтарына белгілеген еді. Ал Парламент (Жогорку Кенеш) депутаттарының сайлауы нақты қашан өтетіні әзірге белгісіз. Бұған дейін премьер-министр Садыр Жапаров Парламент сайлауының 2021 жылдың наурызында өтетінін айтқан. Кейін ол 2021 жылдың алғашқы жарты жылында сайлау өтпейтінін мәлімдеген.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1096
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2640
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 766
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 732