Жұма, 22 Қараша 2024
3428 9 пікір 29 Қазан, 2020 сағат 13:08

Оңтүстік Кореяның экс - президенті 17 жылға сотталды

Оңтүстік Кореяның экс-президенті Ли Мён Бак жемқорлық қылмысы үшін 17 жылға сотталды.

Корея Республикасының Жоғарғы соты елдің экс-президенті Ли Мён Бакқа қатысты шыққан үкімді күшінде қалдырды. Саясаткер үлкен көлемде айыппұл арқалап қана қоймай, 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, үй қамауында болуға мүмкіндік беретін алдыңғы шешім жойылды.

«Лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану және сыбайлас жемқорлыққа қатысты айыптауларға қатысты бастапқы шешімнен қандай да бір қателіктер таппадық», - делінген Жоғарғы соттың 2-ші басқармасының экс-президентке қатысты бұрынғы үкімге берілген апелляцияны қараған қорытынды мәлімдемесінде.

Ли Мён Бак пара алғаны және компания қаражатын иемденгені үшін кінәлі деп танылды. Қорытынды үкім бойынша ол 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, 13 миллиард вон (11,5 миллион доллар) айыппұл, сондай-ақ 5 миллиард 780 миллион вон (5 миллион доллардан астам) қосымша ақы төлеуге міндеттелді.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303