Сенбі, 23 Қараша 2024
3128 0 пікір 17 Қараша, 2020 сағат 11:09

Жыл соңына дейін 30-ға жуық анықтама жойылады

Осы жылдың соңына дейін 30-ға жуық анықтама түрі жойылады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.

«Жылдың соңына дейін 30-ға жуық анықтама түрін беруді алып тастау жоспарлануда. Азамат қажет ететін мәліметтермен тікелей телефоны арқылы анықтама сұратпай-ақ бөлісе алады. QR-кодты көрсетіп, әлде мессенджер арқылы ұсынатын болады», - деді ол.

Министрдің айтуынша, онлайн қызметтер әрқашан да қолжетімді болуы тиіс.

«Бүгінгі таңда еgov-та қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін 500-ден астам ақпараттық жүйе мен 1500-ден астам интеграция жұмыс істейді. Яғни, еgov - бұл тек бет жағы, бірыңғай терезе сияқты. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеу қабілеттігін 99,9 пайызға дейін көтеру қажет», - деді Бағдат Мусин.

Бұған дейін Үкімет басшысы Асқар Мамин 2021 жылы «қағаз» анықтамаларды толығымен жойылуы керектігін айтқан.

«Смартфон қолданушылар саны өсуде, осы ретте мемлекеттік қызметтер мен сервистерді мобильді платформада көрсету қажеттілігі артып отыр. Ең қажетті әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтерді мобильді форматқа көшіру жұмысын жандандыру қажет. Цифрлық даму министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, барлық әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтерді eGov мобайлға ауыстыру бойынша жоспарды бекітуді тапсырамын. Жалпы 2021 жылы «қағаз» анықтамалардың қажеттілігін толығымен жоюымыз керек. «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясынан қызметтерді жеткізуді және барлық онлайн қызметтер мен сервистердің 100 пайыз қолжетімділігі қамтамасыз етуіміз қажет», - деді Мамин.

Сонымен қатар Асқар Мамин Мемлекет басшысы зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау және төлеуге қатысты процестерді толығымен цифрландыруды тапсырғанын атап өтті.

«Осы жылдың соңына дейін әлеуметтік және еңбек саласында электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсеткіші 90 пайызға жеткізіледі. Денсаулық сақтау министрлігіне азаматтарға қажетті электрондық медициналық мәліметтерді беруді қамтамасыз етуді тапсырамын. Еңбек министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, зейнетақы мен жәрдемақыларды тағайындау және төлеу процестерін цифрландыру үшін қажетті деректерді толық цифрландыру мен жаңартуды қамтамасыз етуді жүктеймін», - деді Премьер-Министр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5450